Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

IV тарау. Тіршіліктің пайда болуы туралы теориялар

Конспект

ХҮІІ ғасырда италяндық дәрігер Франческо Реди (1626-1698) тәжірибе жүргізіп, «тіршілік өздігінен пайда болмайды». Ф.Реди тәжірибе қорытындысын 1661 жылы жариялап, тірі организмдердің өлі материядан пайда болмайтынын, яғни сазбалшықтан – бақа, ескі кір шүберектен – тышқан түзілмейтінін дәлелдеді.

Франческо Реди (Francesco Redi)

 

Ч.Дарвиннің «Түрлердің пайда болуы» деген кітабы жарыққа шыққаннан кейін бұл мәселе қайта көтеріліп, тәжірибе жүзінде жан-жақты зерттеулер жүргізіле бастады. Тіршіліктің пайда болуы жайлы теорияны Пфлюгер, Дж. Холдейн және Р. Бейтнер ұсынды.

 

Ч.Дарвин

 

Франция Ғылым академиясы 1859 жылы тіршіліктің пайда болуы туралы дұрыс, дәлелді шешім ұсынғандарға арнайы сыйлық тағайындады. Бұл сыйлыққа 1862 жылы сол елдің әйгілі ғалымы Луи Пастер ие болды.

 

Луи Пастер

 

Тіршіліктің пайда болуы туралы дұрыс болжам жасаған орыс ғалымы А.И.Опарин ұсынды (1924). Оның айтуынша, тіршіліктің пайда болуы осыдан 4-4,5 млярд жыл бұрын абиогендік жолмен қарапайым органикалық қосылыстардың түзілуімен байланысты жүрген. Бұл теория бойынша тіршіліктің пайда болуы – Жердегі ұзақ эволюцияның - алдымен атмогидросферадағы химиялық, одан кейін биологиялық эволюциялардың нәтижесі. Бұл концепция қазіргі кезде ғылыми ортада ең танымал. Сондай - ақ көрсетілген тұжырым ғалымдардың басым көпшілігімен мақұлданған.

 

Александр Иванович Опарин

 

1955 жылы С.Л.Миллер мен Г.К. Юри деген америкалық ғалымдар Опариннің теориясы негізінде жасанды атмосферамен бірінші болып тәжірибе жасады. Олар Жердің алғашқы атмогидросферасының құрамында болған сутегі (H2), метан (CH4), аммиак (NH3) пен су буының (Н2О) қоспасынан амин қышқылын алды. Газдардың бұл құрамы вулкан газдарының құрамдарына толық сәйкес келетіндігі белгілі. Газдардың осы қоспасына күшті электр тоғы беріліп, содан соң конденсациялады. Алынған сұйықтың құрамынан амин қышқылдары, түрлі көмірсутегілер мен тірі материяға тән компоненттер табылды. Басты факторлардың бірі тотығу - қалпына келу үрдістері белсенді жүруіне мүмкіндік беретін бос оттегінің болмауы және энергияның жеткілікті мөлшері еді.

С.Л.Миллердің тәжірибесі.

 

Көрнекті американдық (АҚШ) биохимик және қоғам қайраткері

 

 



Сұрақтар
  1. Франция Ғылым академиясының 1859 жылы тағайындаған арнайы сыйлығының иегері:

  2. Тіршіліктің пайда болуы туралы дұрыс болжам жасаған орыс ғалымы:
  3. Опариннің теориясы негізінде жасанды атмосферамен бірінші болып тәжірибе жасан Америкалық ғалым:
  4. «Түрлердің пайда болуы» деген кітаптың авторы:
  5. «Тіршілік өздігінен пайда болды» деген теорияға қарсы шыққан италяндық дәрігер:
  6. "Құрттар өздігінен пайда болған жоқ, шыбынның етке салған жұмыртқасынан шыққан дернәсіл" – деп түсіндірген ғалым?

  7. XVII ғасырда  дәрігер Франческо Реди тәжірибе жүргізіп, "тіршілік өздігінен пайда болды" деген теорияға қарсы шыққан қай елдің ғалымы?

  8. "Тышқандар кір киімнен пайда болады" деп түсіндірген голландиялық ғалым?

  9. "Адамды қолдан жасап шығарудың" әдісін ұсынған доктор?

  10. Луи Пастер 1862 жылы ет сорпасына тәжірибе жүргізгенде қандай зертханалық құралды қолданды?

  11. Абиогенездік теорияны қолдады

Қате туралы хабарландыру