iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
ІІ тарау. Жыныстық көбею
Жыныстық көбеюдің артықшылығы – организмнің екі жыныс клеткасы қосылып, зиготадан өсіп жетілген организмнің генотипіне аталық, аналық даралардың гендері бірігеді. Сондықтан жыныссыз көбеюдің нәтижесінде түзілген ұрпақтарға қарағанда жыныстық көбеюдің нәтижесінде түзілген ұрпақтар сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді болады. Жыныстық көбеюдің нәтижесінде бірінен кейін бірі түзілген ұрпақтардың бейімделушілігі және саны артып отырады. Жануарлардың жыныс бездерінде жыныс клеткалары жетіледі. Аталық жыныс клеткаларын сперматозоидтер деп, аналықтарды – жұмыртқа клеткасы (немесе жұмыртқа) деп атайды.
Мейоз (гр. meіosіs — кішірею, азаю) — жетіліп келе жатқан жыныс клеткаларының (гаметалардың) бөлінуінен хромосомалар санының азаюы (редукциясы). Мейоз кезінде әрбір клетка екі рет, ал хромосомалар бір-ақ рет бөлінеді. Осының нәтижесінде клеткалардың гаметадағы хромосомалар саны бастапқы кезеңдегіден екі есе азаяды. Жануарларда мейоз жыныс клеткалар пайда болғанда (гаметогенез), ал жоғары сатыдағы өсімдіктерде споралары түзіле бастағанда жүреді. Мейоз барлық организмдерде бірдей жүреді. Егер де ұрықтану диплоидтық клеткаларда жүрсе, онда ұрпақтардың плоидтығы келесі әр буында геометриялық прогрессиямен көтеріледі. Мейоздың арқасында гаметалар барлық уақытта гаплоидты жағдайда болады, бұл организмнің дене клеткаларының диплоидтығын сақтауға мүмкіншілік береді. Мейоздың бөліну уақытындағы екі сатысын 1-мейоз және 2-мейоз деп атайды. Әрбір мейоздық бөлінуде төрт сатысы бар: профаза, метафаза, анафаза және телофаза.
Профаза (prophasis, гр. pro, protos — бірінші, phasis — фаза) — митоз бен мейоздың бірінші фазасы. Жасушаның митоздық бөлінуі кезінде профазада жасуша ядросындағы хромосомалар ширатылып көрінеді және центросомадан мигоз ұршығы қалыптасады.
Метафаза (грек. meta – аралық, кейін және фаза) [1] – клетка және оның ядросының бөлінуінің екінші фазасы.
Митоз процесінде көптеген организмдердің клеткалары ядросының бөлінуі кезеңінде хромосомалар және ядро мембранасы жойылады және ұршық жіпшелеріне центромералары арқылы қосылған хромосомалар цитоплазмада қалады.
Анафаза - жасушалардың митозды және мейозды бөлінуі кезінде жұп хромосомалардың жасушаның қарама-қарсы полюстеріне қарай ахроматин үршығы жіпшелерінің көмегімен тең екіге бөлініп ажырау кезеңі; хромосом жұрнақтары жасушаның қарама-қарсы полюстеріне ажырайтын ядроның күрделі бөлінуі кариокинездің үшінші кезеңі.
Телофаза – аналық клеткадан екі жас клетка түзілетін митоздың соңғы фазасы. Телофазада клетканың қарамауылықарсы өрістеріне ажыраған хромосомалар ісініп, көлемі ұлғаяды. Олар таралып, ұзын жіпшелерге айналады. Хромосомалардың айналасындағы мембраналы көпіршіктерден ядро қабықшасы (кариолемма) түзіледі. Клетка аймағында РНҚ және белоктардың мөлшері көбейіп, ядрошық пайда болады. Телофаза кезінде митоздық аппарат біртіндеп ыдырайды. Жас клеткалар ядролары түзілгеннен кейін аналық клетканың цитоплазмасы екіге бөлініп, тең екі клетка пайда болады. Мұнда хромосомалар саны диплоидты (2n). Телофаза кезеңінің әр клеткадағы ұзақтығы 1,5 мин-тан 400 мин-қа дейін созылады.
Сурет. 1. Митоздың сызбасы: 1, 2 - профаза; 3 - прометафаза; 4 - метафаза; 5 - анафаза; 6 - алғашқы телофаза; 7 - соңғы телофаза.
- Аз уақытқа ядро қабықшасы пайда болатын кезең:
- Гомологты хромосомалардың арасы ашылып, сыңарларының полюстерге тарау кезеңі
- Клетка және оның ядросының бөлінуінің екінші фазасы
- Митоз бен мейоздың бірінші фазасы
- Жетіліп келе жатқан жыныс клеткаларының (гаметалардың) бөлінуінен хромосомалар санының азаюы:
-
Адам жасушасындағы хромосома саны:
-
Мейоз қанша фазадан тұрады:
-
Аталық және аналық жыныс клеткалары бір өсімдікте әр түрлі гүлдерде бөлек жетілетін де өсімдіктер:
-
Овоциттер олар:
-
Аталық жыныс жасушалары