Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

ІІ тарау. Филогенез

Конспект

 

Филогенез – түрдің тарихи дамуы. Онтогенез – филогенездің қысқа және жылдам қайталануы. Барлық организмдер ұрықтанған жұмыртқа клеткасы – зиготадан дамып жетілетінін білесіңдер. Бұл тарихи дамудың бір клеткалы организмдерден басталғандығын көрсетеді. Онтогенезде организмнің тарихи дамуының кезеңдері өсімдіктерде нашар, жануарларда айқын байқалады. Дамуының бастапқы кезінде омыртқалылардың ұрықтары ұқсас болады. К.Бэрдің ұрықтың ұқсастығы заңдылығы: бір типке жататын даралардың ұрықтары эмбрионалды кезеңінде басынан бастап ұқсас болады. Бір типтің әр түрлі жүйелік топтарына жататын ұрықтардың ұқсас болуы олардың шығу тегінің бір екендігін көрсетеді. Біртіндеп ұрықтың құрылысында класқа, туысқа, түрге, соңында сол дараға тән белгілер пайда болады. Ұрықтың даму барысында белгілерінің ажырауын эмбрионалды дивергенция деп атайды. Ол белгілі бір жүйелік топқа жататын жануарлардың эволюциясын, түрдің тарихи дамуын көрсетеді. Сөйтіп, организмдердің жеке дамуы мен тарихи дамуының арасында терең байланыс бар. Бұл байланыс XIX ғасырда Ф.Мюллер мен Э.Геккельдің биогенетикалық заңында дараның онтогенезі (жеке дамуы) сол дара жататын түрдің филогенезінің (тарихи даму) қысқаша қайталануы деген анықтама алды.



Сұрақтар
  1. Филогенездің қысқа және жылдам қайталануы:
  2. Организмдердің жеке дамуы мен тарихи дамуының арасындағы терең байланысқа анықтама берген биогенетикалық заңның авторлары:
  3. Ұрықтың даму барысында белгілерінің ажырауы:

  4. Организмнің тарихи дамуының өсімдіктерде нашар, жануарларда айқын байқалатын кезең:

  5. Түрдің тарихи дамуы:
  6. Тіршілігінің соңына дейін хорда сақталады?

  7. Құстардың, сүтқоректілердің, адамның эмбрионалды дамуында жұтқыншағында желбезек саңылауларын бөлетін?

  8. Хорданың бастамасы ненің түзілуіне ықпал етеді?

  9. Бір типке жататын даралардың ұрықтары эмбрионалды кезеңінде басынан бастап ұқсас болады деп атап көрсеткен ғалым?

  10. Мутациялық процестер қандай құрылымдарға әсер етеді?

Қате туралы хабарландыру