iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
І тарау. Жасушаның бөлінуі
Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңінде, сонымен қатар митоз барысында бірінен соң бірі жүретін және өзара байланысты процестер жиынтығын митоздық цикл деп атайды, ол тіршілік циклінің бір бөлігін құрайды.
Митоздық беліну кезінде бір диплоидті жасушадан (2п) генетикалық материалы теңдей бөлінген екі диплоидті жасуша түзіледі. Митоз төрт фазадан тұрады:
1. Профаза. 2. Метафаза. 3. Анафаза. 4. Телофаза.
Профазада ядро көлемі үлкейіп, хромосомалар ширатыла бастайды, екі центриоль жасуша орталығы жасушаның полюстеріне ажырайды. Хромосомалар ширатылып, жіпшеге айналып, ядрошық бұзылады. Ядро кабықшасы ыдырайды. Жасуша орталығының центриольдері жасуша полюсіне тартылып, олардың арасындағы микротүтікшелері бөліну ұршығын түзеді.
Анафазада центромерлер бөлінеді де, осы кезеңнен бастап ахроматин жіпшелеріне бекінген хроматидтер бір-бірінея ажырап, жеке хромосомаларға айналады. Центромерлерге бекітілген жіпшелер хромосомаларды жасуша полюстеріне тартады, ал хромосома иықтары центромерлерге карай енжар түрде ілеседі. Сонымен интерфаза кезеңінде екі еселенген хромосомалар анафазада хроматидтерге айналып, жасушаның полюстеріне ажырайды. Жасушаның әр полюсінде бір хроматидтен тұратын хромосома, яғни бүл кезеңде жасушада екі диплоидті хромосома жиынтығы пайда болады. Анафазаның соңында хромосоманың шиыршығы жазылады, хромосомалар біртіндеп жіңішкеріп ұзарады. Бұл — телефазаның бастамасы.
Анафазада
Жасушаның митоздық бөлінуін телофаза аяқтайды. Хромосомалар полюстерге жиналып, шиыршығы жазылып, нашар көрінеді. Цитоплазманың мембраналық құрылымынан ядро қабықшасы түзіледі. Жануарлар жасушасында цитоплазма екі кішкене мөлшерлі жасуша денешіктеріне тартылу арқылы бөлінеді.
Телофаза
-
Жасушаның митоздық бөлінуін аяқтайтын кезең:
- Центромерлерге бекітілген жіпшелер хромосомаларды жасуша полюстеріне тартатын кезең:
- Ядро көлемі үлкейіп, хромосомалар ширатыла бастайтын жасушаның полюстеріне ажырайтын кезеңі:
-
Митоз:
-
Митоз барысында бірінен соң бірі жүретін және өзара байланысты процестер жиынтығын:
-
Полюстердегі хромосомалар көзге айқын көрінбей хроматинге айналатын кезең:
-
Әрбір хромосоманың центромерасы бөлінетін кезең:
-
Жануар жасушасында цитоплазма екіге бөлінгенде не қалыптасады?
-
Хромосомалардың ширатылу шегіне жету кезеңі:
-
Жасушалардағы бөлінуге даярлық жасап, бөлініп, жаңа жасушалардың түзілуімен аяқталатын процесстер жиынтығы?
-
Өсімдік жасушасының митоз жолымен бөлінетінін анықтаған ғалым