Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

І тарау. Организмнің құрылымдық деңгейлері

Конспект

 

Жер бетінде, шамамен 3,5 млрд жыл бұрын тіршіліктің молекулалық деңгейі болды. Мұхиттар мен теңіздердің жағалық аудандарында судың, құрлықтың, ауаның тоғысқан жерінде тұрақты органикалық заттар – қанттар, спирттер пайда болды.

 

Сонымен бірге нәруыздың және нуклеин қышқылдарының концентрациясы жоғары ерінділерінен қоймалжың түйіршіктер пайда болды. Оларды коацерваттық тамшылар немесе коацерваттық деп атады. Сыртқы ортадағы ерітіндіден коацерваттар заттарды сіңіруге қабілетті болды. Ішке өткен химиялық қосылыстар реакцияға түсіп, өзгеріске ұшырап, біразы сыртқы ортаға шығып отырды (Опарин, 1923).

 

  

Коацерваттар әлі тірі организмдер емес еді. Олардың тек тірі организмдерге ұқсас өсу, зат алмасу сияқты қасиеттері болды. Сондықтан коацерваттар әлі тірі организмдер емес еді. Олардың тек тірі организмдерге ұқсас өсу, зат алмасу сияқты қасиеттері болды. Сондықтан коацерваттар тіршіліктің бастапқы кезеңі болып саналды. Бұлардан біртіндеп бір клеткалы сыртқы қабықшасы жоқ организмдер пайда болды. Тіршіліктің молекулалық деңгейі күрделі органикалық заттарды негізі ретінде қарастырады.

 

Тіршіліктің көп клеткалы организмдік құрылым деңгейінде клетка функциялық бірлік қызметін атқарады. Клеткалар бір−бірімен байланысты функциялық жүйелерге, ұлпаларға, мүшелерге бірігеді. Көп клеткалы организмдердің клеткаларының бірлігі клеткааралық сұйықтық , гуморальдық және жүйке жүйелері арқылы реттеледі. Көп клеткалы оганизмнің клеткаларының мамандануы, функцияларының жіктелуі көбеюге бейімділігін арттырады.

 

Популяциялық−түрлік деңгей − тіршіліктің организмнен жоғары құрылым деңгейі. Түрдің тарихи дамуы популяцияларда жүреді. Келесі тіршіліктің биоценоздық құрылым деңгейін бірегей ортадағы әр түрлі популяцияларың жиынтығы түзеді.

 

Биосфералық деңгей − тіршіліктің ең жоғары деңгейі. Жер бетіндегі барлық биоценоздар бірігіп, тіршіліктің жоғары құрылым деңгейін−биосфераны түзеді. Бұл деңгейде тірі организмдер өзара және өлі табиғатпен тұрақты байланыста болып, біртұтас жүйе ретінде қарастырылады.



Сұрақтар
  1. Жер бетінде, шамаментіршіліктің молекулалық деңгейі болған жыл:
  2. Нәруыздың және нуклеин қышқылдарының концентрациясының жоғары ерітінділерінен пайда болған қоймалжың түйіршіктер:
  3. Тіршіліктің бастапқы кезеңі болып саналды:
  4. Тіршіліктің көп клеткалыорганизмдік құрылым деңгейінде:
  5. Тіршіліктің организмнен жоғары құрылым деңгейі:
  6. Бірегей ортадағы әр түрлі популяцияларың жиынтығы түзетін құрылым деңгейі:
  7. Тіршіліктің ең жоғары деңгейі:
  8. Белгілі бір ортада тіршілік ететін бір түрге жататын даралар жиынтығы:

  9. Тіршіліктің молекулалық деңгейінің негізі:

  10. Коацерваттар кім?

Қате туралы хабарландыру