iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
І тарау. Эукориотты клетка. Ядро
Ядро – клетканың маңызды құрамдас бөлiгi. Клетка ядроларда гендер орналасқан ДНҚ бар. Осыған орай ядро 2 негiзгi қызмет атқарады: 1) генетикалық информацияны сақтап, ұрпақтан ұрпаққа беру; 2) заталмасу және организм дамуының процесiн реттеу.
Көптеген клеткаларда 1 ядро бар. Кейде 1 клеткаларда 2-3 ядроны байқауға болады, мысалы, бауыр клеткасында. Ондаған ядролары бар көпядролы клеткаларда белгiлi.
Ядроны қабықша қаптап тұрады, олар 2 мембранадан тұрады немесе екi қабатты. Сыртқы ядролық мембранада рибосомалар орналасқан, ал iшкi мембрана тегiс. Ядро қабықшасы клетканың мембраналық жүйесiнiң 1 бөлiгi. Iшкi ядролық мембрананың өскiндерi эндоплазмалық тордың каналдарымен бiрiгiп, байланысқан каналдардың тұтас жүйесiн түзедi. Ядро және цитоплазма арасындағы заталмасу 2 жолмен жүредi. 1-ден, ядро қабырғаларында көптеген тесiктер бар, олар арқылы цитоплазма мен ядролар арасында молекулалық алмасуы жүредi. 2- ден, заттар ядродан цитоплазмаға және керi бағытта ядро қабықшасының өскiндерi мен ойыстарының жиырылуынан қозғала алады.
Ядро қабықшасы ядроны цитоплазмадан бөлiп тұрады және ядроның iшкi ортасының – ядро шырынының болуын қамтамасыз етедi. Ядро шырынының құрамына ферменттер, рибосомаларды және хромосоманың құрылымдық белоктары кiредi. Сондықтан бүге, ядрошырынында бос нуклеотидтер, аминқышқылдар, ядрошық және хроматин қызметiнiң өнiмдерi бар.
Хроматин деп ядроның барлық құрылымын және гранула, дөңбектерiн айтады (грекше chroma - түс), олар кейбiр бояғыштармен қарқынды боялады. Генетикалық белсендi емес хроматин бар – ол гетерохроматин (грекше heteros - әртүрлi) генетикалық жағынан белсендi емес, хроматиннiң әртүрлi жәрежедегi спиральданған бөлiгiнен түзiледi. Гетерохроматин және дамудағы ерте немесе өте ерте кезеңде қолданылған, немесе «жұмысқа әлi кiрiспеген» гендерден құралады.
Ядроға тән тағы бiр құрылым – ядрошық. Ол ядрошықтарына батып тұрған толық домалақ дене. Әртүрлi клеткалар ядросында, және 1 клетканың ядросында оның функциональдi күйiне тәуелсiз ядрошық саны 1 ден 507 және одан да көп болуы мүмкiн. Бөлiнген кезде олар жойылып, бiткеннен кейiн ол қайтадан түзiледi.
Ядро. Ядро – өсімдіктер мен жануарлардың, саңырауқұлақтардың клеткаларының маңызды органоиді. Көбіне клеткаларда бір, кейде 2-3, кейде одан да көп(саңырауқұлақтарда) ядро болады. Шар тәрізді, сопақша, кейде дұрыс пішіні болмайды. Диаметрі бірнеше мкм-ден (метрдің млн-нан бір бөлігі) бір жарым мм-ге дейін болады. Саңырауқұлақтардың кейбір түрлерінің клеткаларында ядросының диаметрі – 1-2 мкм. Клеткадағы ядро мен цитоплазманы қосып протоплазма деп атайды.
Ядроның құрылысы
Протоплазма
Ядроның сыртындағы қабықшасы екі қабатты жарғақшадан тұрады. Сыртқы жарғақшасының өсінділері цитплазмадағы эндоплазмалық тормен байланысты, ал ішкі жарғақша тегіс болады. Ядро қабықшасында көбіне белгілі бір тәртіппен орналасқан саңылаулары бар. Ішінде глобула, оны саңылау қабырғасымен байланыстырып тұратын жіпшелері болады. Арасынан белгілі бір мөлшері бар молекулалар ғана өте алады. Сонымен бірге ядро қабықшасы ішке иіліп немесе сыртқа өсінділер түзіп, заттарды қабылдайды, сыртқа да шығарады. Ядродағы хроматин- хромосоманың тарқатылған жіңішке жіп тәрізді күйі. Бөлінбей тұрған клеткаларда мұндай хроматинді көру мүмкін емес.
Дене (сомалық) клеткаларындағы пішіні, мөлшері ұқсас хромосомалар бірігіп жұптар құрайды. Оларды гомологті хромосомалар деп атайды. Дене клеткаларындағы жұп хромосомалар диплоидтты жиынтықты (2n) құрайды. Жыныс клеткаларында әр жұптанитек бір хромосома ғана болады, оны гаплоидтты жиынтық (n) деп атайды.
- Дене (сомалық) клеткаларындағы пішіні, мөлшері ұқсас хромосомалардың бірігіп жұптар құрауын:
-
Хромосоманың жіңішке жіп тәрізді күйі:
-
Клеткадағы ядро мен цитоплазманы қосып:
- Өсімдіктермен жануарлардың, саңырауқұлақтардың клеткаларының маңызды органоиді:
-
Эукариоттар:
-
Ядро қабықшасы?
-
Эукариоттық жасуша?
-
Дене жасушаларындағы жұп хромосомалар қандай жиынтықты құрайды?
-
Жануар жасушасында болмайды?
-
Жануарлар және өсімдіктер жасушаларының айырмашылықтары болады, солардың бірі жануар жасушасында пластидтер болмайды, олар – гетерофты организмдер, өсімдік жасушасында пластидтер бар, олар – автотрофтылар.