iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
VI тарау. Омыртқалы жануарлар
Желілі жануарлардың омыртқалылар тип тармағы кейде бассүйектілер деп те аталады. Өйткені омыртқалыларда миды қорғайтын бассүйегі болады.
Омыртқалылардың денесінде бас, мойын, тұлға, құйрық және екі жұп аяқтары болады.
Жақ сүйектерінің болу-болмауына байланысты омыртқалыларды жақсүйексіздер және жақауыздылар деп бөледі. Жақсүйексіздерге көбінесе теңіздерде тіршілік ететін миногалар мен миксиндер (сүлікауыз) жатады. Қазіргі кезде жақсүйексіздердің дөңгелекауыздылар деп аталатын бір класының өкілдері ғана кездеседі. Дөңгелекауыздылар класына жататын Каспий миногасы Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген. Кәдімгі көздің алдыңғы жағында көз бұршағы жоқ көзі болғандықтан, минога үшемкөз деп те аталады.
Шеміршекті, сүйекті балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер – жақауыздылар тобына жататын жануарлар.
Омыртқалылар дене температурасына байланысты 2 топқа бөлінеді.
Олар салқынқанды және жылықанды жануарлар деп аталады. Салқынқандылардың дене температурасы тұрақсыз, яғни қоршаған ортаның температурасына сәйкес өзгереді. Дөңгелекауыздылар, шеміршекті, сүйекті балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылар – салқынқанды жануарлар.
Минога және оның аузы
Дене температурасы тұрақты омыртқалылар жылықанды жануарлар деп аталады. Олардың дене температурасы қоршаған ортаның температурасына тәуелсіз.
Құстар мен сүтқоректілер жылықанды жануарлар.
Балықтарға жалпы сипаттама. Балықтар – сулы ортада тіршілік етуге бейімделген төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар. «Балықтың жаны – суда» деген халық даналығы соның айғағы.
Қазіргі кезде дүниежүзінің су айдындарында балықтардың 20 мыңдай түрі мекендейді Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы ихтиология (грекше «ихтис» – балық, «логия» – ілім, ғылым) деп аталады.
Балықтардың денесі бас, тұлға және құйрық бөлімдерінен тұрады. Бас бөлімінде жұп танау тесігі, екі көзі бар. Тұлға бөлімінде жұп көкірек, құрсақ және дара арқа жүзбеқанаттары орналасқан. Құйрық бөлімінде сыңар құйрық және аналь жүзбеқанаттары бар. Терісі сыртынан қабыршақтар мен қапталған. Балықтар желбезектері арқылы суда еріген оттегімен тыныс алады.
Балықтың жұп көкірек және құрсақ жүзбеқанаттары дене тепе-теңдігін сақтайды. Балық осы жүзбеқанаттардың көмегімен судың беткі қабатына көтеріледі. Кейде тереңге түсіп, жан-жағына бұрылады. Арқа және аналь жүзбеқанаттары жүзіп жүргенде денесін қалыпты ұстауға көмектеседі. Құйрық жүзбеқанаттары бағыт береді.
Балықтар шеміршекті және сүйекті балықтар деп 2 класқа бөлінеді.
Балғабас акула
Теңіз атбас балығы
Сауытбалық
Шеміршекті балықтардың қазіргі кезде 750-дей түрі бар. Қаңқасы тек шеміршектен тұрады. Шеміршекті балықтардың көпшілігі теңіздерде таралған. Оларға акулалар, жұпбалықтар (скаттар) және тұтасбас (химера) балықтары жатады.
Шеміршекті балықтарға тән белгілер: шеміршекті балықтардың дене пішіні барлығында бірдей емес. Акулалардың денесі созылыңқы, жұмыр, ұршық тәрізді. Суда еркін жүзеді. Жұпбалықтардың денесі қабысып, жалпайып кеткен. Сондықтан олар су түбінде мекендейді.
Шеміршекті балықтардың денесін плакоидты қабыршақтар қаптайды. Бұл гректің «плакс – тақташа», «ейдос – пішінді» деген сөздерінен алынған термин.
Көк акула
Шаншарлы скат
Тұтасбас
Шеміршекті балықтар
Аталық мысық акуланың ішкі құрылысы: 1 – ауыз; 2 – танау тесігі; 3 – көз; 4 – желбезек және желбезек саңылауы; 5 – көкбауыр; 6 – несепағар; 7 – тұқым көпіршігі; 8 – құрсақ жүзбеқанат; 9 – жүрек; 10 – көкірек жүзбеқанаты; 11 – үш телімді бауыр; 12 – аталық без; 13 – қарын; 14 – оралма ішек; 15 – клоака тесігі; 16 – аналь жүзбеқанаты; 17 – құйрық жүзбеқанаты
Шеміршекті балықтардың қаңқасы шеміршектен түзілген. Бас қаңқасында ми сауыты, жақ, тіласты, желбезек доғалары бар. Омыртқа жотасы – тұлға және құйрық бөлімдерінен құралады.
Асқорыту мүшелері клоакамен бітеді. Клоака – тік ішектің кеңейген бөлігі.
Шеміршекті балықтардың көпшілігі іштей ұрықтанады. Омыртқалар арасында желі қалдығы сақталған. Омыртқа жотасы жұлынды қорғайды. Иық және жамбас белдеулері мен жұп көкірек, жұп құрсақ жүзбеқанаттарының қаңқасы айқын білінеді.
Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері асқорыту жүйесін түзеді. Акуланың жағы шеміршекті әрі қозғалғыш. Жаққа ірі, үшкір тістер орналасады. Тілі нашар дамыған. Ауыз қуысы жұтқыншаққа жалғасады. Жұтқыншаққа желбезек саңылаулары ашылады. Жұтқыншақ – өңешке, өңеш көлемді қарынға жалғасады. Аш ішегі қысқа, оған бауырдан келетін өт өзегі және ұйқы безінің өзегі ашылады. Аш ішек тікелей тоқ ішекпен байланысқан. Тоқ ішегі жуан. Ішектің ішкі сіңіру бетін ұлғайтатын қатпарлары болады. Акуланың тік ішегі клоакаға ашылады.
Шеміршекті балықтардың тынысалу мүшесі – желбезектер. Желбезектерінде желбезек доғалары, желбезекаралық перде және желбезек шашақтары болады. Желбезек доғаларының саны 5 жұп. Желбезек шашақтарын ұсақ – қылтамырлар (капиллярлар) торлап жатады.
Акуланың иіс сезу мүшесі өте жақсы дамыған. Қанның иісін 0,5 шақырымнан сезе алады. Көз қасаң қабығы – жазық, көзбұршағы шар пішінді болып келеді. Есту мүшесі тек ішкі құлақтан тұрады. Бүйір сызығы да жақсы дамыған. Шеміршекті балықтар даражынысты. Аталықтарында – жұп тұқым жолы, ал аналықтарында жұп жұмыртқа жолы болады. Шеміршекті балықтардың көпшілігі іштей ұрықтанады. Аналықтары ұрықтанған уылдырық шашады, ал кей түрлері тірі шабақтайды. Уылдырықтарының саны аз. Кей түрлері ұрпақтарына қамқорлық жасайды.
Шеміршекті балықтар 2 класс тармағына бөлінеді. Олар: тақтажелбезектілер және тұтасбастылар деп аталады.
-
Желілі жануарлардың омыртқалылар тип тармағы :
- Шеміршекті, сүйекті балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер:
-
Балықты зерттейтін:
- Шеміршекті балықтар:
-
Тақта желбезектілер:
-
Балықтардың денесі?
-
Жақсүйексіздер?
-
Іштей ұрықтанатын, қағанақты омыртқалылар?
-
Балықтар жүрегі?
-
Балықты зерттейтін ғылым?
-
Денесі сүйектенбеген балық
-
Тұқытектестер отряды
-
Шеміршекті балықта жыныс жолдары ашылады
-
Аққайран, мөңке, қарғакөз балықтары