Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

V тарау. Популяцияның құрылымдары мен сипаттары. Популяция санының ауытқулары

Конспект

Организмдердің популяцияларын жан-жақты зерттеуші экологтар С. С. Шварц, А. М.Гиляров, А. В. Яблоков, т.б. өздерінің еңбектерінде популяцияға қазіргі тұрғыдан анықтама береді. Мәселен, С. С. Шварц (1969) популяция дегеніміз "Орта жағдайларының өзгерісіне ұзақ уақыт бойы өзінің тұрақты санын ұстап тұратын бір түрге жататын организмдердің жергілікті топтары" деп анықтама береді. Ал, А. В. Яблоков өзінің еңбегінде "белгілі бір аумақты мекендейтін бір түрге жататын организмдердің эволюциялық даму жолы ұқсас топтары" дейді. А. М. Гиляров өзінің әріптестерінің идеяларын дамыта келіп, популяцияға біршама жаңа көзқарасты анықтама беруге тырысты.

 

Популяция - белгілі бір аумақты мекендейтін шығу тегі бір, ұзақ жылдар бойы табиғаттағы санын тұрақты ұстап келе жатқан бір түрге жататын организмдер жиынтығы. Популяция ішінде үнемі тіршілік үшін күрес, басқа туыстық топтармен мүмкіндігінше шектелген формалар тіршілік етеді. Олар бір-бірінен - жергілікті, экологиялық, географиялық популяциялар деп бөлінеді. Популяцияларды (осылайша жіктеу Н. П. Наумов жүйесіне негізделеді. Популяция - биологиялық бірлік ретінде өзінің белгілі құрылымы, қасиеті және атқаратын функциялары арқылы ерекшеленеді. Популяция құрылымы ондағы особьтар санымен және кеңістікте таралуымен сипатталады. Ал, популяцияның функциясы басқа биологиялық жүйелермен ұқсас келеді. Популяцияға тән қасиеттерге өсу, даму, көбею, орта жағдайларының өзгерісіне бейімділігі, экологиялық жағдайлары жатады. Олар элементар (жергілікті) популяция, экологиялық популяция ,географиялық популяция болып бөлінеді.

 

Элементар (жергілікті) популиция- табиғаты бірдей кішігірім аумақтарды мекендейтін бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Элементар популяциялардың табиғаттағы саны, даму эволюциясымен ұзақтығы биоценоздың күрделі немесе қарапайымдылығына, бірегейлігіне байланысты болады.

 

Табиғатта жергілікті популяциялардың араласып кетуі бір-бірінің арасындағы шекараны жойып, түрлердің ұсақталып кетуіне әкеліп соғады.

 

Экологиялық популяция - жергілікті популяциялардың жиынтығы негізінде қалыптасады. Олар негізінде түр ішіндегі топтар болғандықтан белгілі бір биоценозда тіршілік етуге бейімделген. Мәселен, кәдімгі ақ тиін көптеген ормандарда кең таралған. Сондықтан олардың "қарағайлық", "шыршалық" немесе т.б. экологиялық популяциялары көптеп кездеседі. Олар бір-бірімен жиі араласатындықтан генетикалық алмасулар элементар популяцияларға қарағанда баяу жүреді.

 

Географиялық популяция - географиялық жағдайлары бірдей аумақты қамтитын, особьтар топтарын құрайтын экологиялық популяциялардан тұрады. Географиялық популяциялар салыстырмалы түрде бір-бірімен нақты шектелген әрі өсімталдығы, особьтар формасы, экологиялық қатарлары, физиологиялық мінез-құлқы және басқа да қасиеттері арқылы ерекшеленеді. Популяциялардың осылайша ұзақ жылдар бойы жекеленуі бірте-бірте географиялық жаңа түр формаларын дүниеге алып келуі мүмкін. Ондай түрлерді географиялық түр тармағы, сол түрдің синонимі ретінде қарастырады. Мәселен, кәдімгі ақ тиіннің 20-дан астам географиялық популяциясы бар. Табиғатта популяцияның шекарасы мен дене тұрқы оның қандай аумақты мекендейтіндігінде емес популяцияның өзінің жеке қасиеттерімен сипатталады. Н. П. Наумовтың зерттеулері бойынша популяциялардың аумақтарға таралуы олардың көптүрлілігін және генефонын байытады деп тұжырымдайды. Осыған байланысты табиғатта абсолютті популяция болмайды. Өйткені, әрбір түр өзінің даму эволюциясы барысында уақыт пен кеңістікке қатысты миграция (орын ауыстыру) кезінде бір-бірімен араласып отырады. Ал, өсімдіктер болса тозаңдары жел арқылы немесе жануарлар арқылы кең таралып жатады. Нәтижесінде, түр шегіндегі популяциялардың әр түрлі формалары қалыптасып отырады.

 

Популяциялардың табиғаттағы сан мөлшері әлсін-әлсін ауытқып отырады. Оның көптеген ішкі және сыртқы себептері бар. Көптеген ғалымдар популяцияның тез көбеюін қорек қорына байланыстырса, енді біреулері бәсекелестікке, экологиялық орынға тәуелді деп санайды. Ал популяцияның одан әрі көбеюі каннибализм құбылысына әкеледі. Каннибализм құбылысы дегеніміз – жануарлардың өз түрінің дараларымен қоректенуі.Бұл құбылыс кейбір балықтарда, қосмекенділерде, жәндіктерде кездеседі.

 

Популяциялардың ерекше қасиеттерінің бірі – полиформизм құбылысы. Яғни, бір популяцияның өзіне тән ерекшеліктері болады. Олар-жас шамалары бойынша топталуы, жыныстық белгілері, маусымдық өзгерістерге байланысты құбылуы, даму фазаларындағы өзгерістер мен айырмашылықтар. Мысалы, теңіздегі өрістегіш балықтар бір-ақ рет ұрпақ беретіндіктен олардың жастары біргелкі болады.



Сұрақтар
  1. 1969 жылы "Популяция дегеніміз - орта жағдайларының өзгерісіне ұзақ уақыт бойы өзінің тұрақты санын ұстап тұратын бір түрге жататын организмдердің  жергілікті топтары"- деп анықтама берген ғалымды ата:

  2. Белгілі бір аумақты мекендейтін шығу тегі бір, ұзақ  жылдар бойы табиғаттағы санын тұрақты ұстап келе жатқан бір түрге жататын организмдер жиынтығы ... деп аталады:
  3. Табиғаты  бірдей кішігірім аумақтарды мекендейтін бір түрге жататын особьтар жиынтығы деген:
  4. Жергілікті  популяциялардың жиынтығы негізінде қалыптасатын:
  5. Географиялық жағдайлары бірдей  аумақты қамтитын, особьтар топтарын құрайтын экологиялық популяциялардан тұрады:
  6. Жануарлардың  өз түрінің дараларымен қоректенуі:
  7. Полиформизм  құбылысы:
  8. Белгілі бір аумақтағы немесе кеңістіктегі даралар санының жиілігімен өлшенетін шама:

  9. Жыныстық диморфизм деген не?

  10. Кейбір себептерден популяциялардың сан мөлшерінің ауытқу құбылысын не деп атайды?

  11. Популяциядағы даралар арасында қалыптасқан орта көрсеткіштер бойынша екі және одан да көп белгілердің ауытқуы байқалатын сұрыпталу

Қате туралы хабарландыру