Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

IV тарау. Ертедегі және осы замандағы алғашқы адамдар

Конспект

Адамның пайда болуы ұзақ уақытқа созылған дәуірлерді қамтиды. Бұл кезде табиғи сұрыпталу ықпалы елеулі орын алды. Бір мезгілде өмір сүрген адамдардың әр түрлі топтары арасында даму дәрежесіне сәйкес талас-тартыстар болып тұрды. Бұл кезде адамның арғы ата тектерімен бірге адам тәрізді маймылдардың да көптеген түрлері тіршілік етті. Көпшілік ғалымдар адамның пайда болуын төрт кезеңге ажыратады. Олар: австралопитектер, архантроптар (өте етередегі адамдар), палеантроптар (еретедегі адамдар), неоантроптар (кәзіргі кездегі адамдардың арғы тегі).

 

Ертедегі адамдар немесе палеантроптар. Палеантроптар бұдан 1.5млн. - 250 мың жыл бұрын өмір сүрген. Олар казіргі адамдардың тікелей арғы тегі болып саналады. Жалпы алғанда олардың тіршілік әрекеті, ақыл-ойы және әлеуметтік өмір сүру жағдайлары кәзіргі адамдарға ұқсас. Олардың сүйектерінің қалдығы 1848 жылы Еуропада табылды.

 

Ал 1856 жылы Батыс Германия территориясындағы Неандерталь өзенінің аңғарынан ертедегі адамдардың қаңқа қалдықтары табылды. Ежелгі адамдардың бойының ұзындығы 155-165 см, ал миының көлемі 1 400 текше см, архантроптармен салыстырғанда көп белгілері едәуір жетілген, әсіресе сөйлеуге байланысты үлкен ми сыңарларының самай бөлігі жақсы дамыған және астыңғы жақсүйегінің көлемі кішірейген. Олардың маңдайы тайқы, қабақ үстіндегі білеуленген сүйегі жақсы жетілген, астыңғы жақ сүйегі немесе алға қарай шығыңқы. Миының көлемі адам миының көлеміндей болғанмен, бірақ ми иірімдері аз болған. Олардың ойлау қабілеті дамыған. Қоғамдық сана қалыптасып, тасқа, сүйекке ойып сурет салу және өлген адамды жерлеу салты болған.

 

Ежелгі адамдар мұз басқан ауыр жағдайларда үңгірлерде өмір сүріп, онда үнемі отты пайдаланған. Олар 50-100 адамнан топтасып өмір сүрген. Ер адамдар бірігіп аң ауласа, әйелдер жемістер мен тағы басқа өсімдіктердің жеуге жарайтын бөліктерін жинаған, ал қарт адамдар құрал-саймандар дайындаған. Олар өздері аулаған жануарлардың терісін өңдеп, киім жасап киген.

 

Ежелгі адамдар жер шарының көп аймақтарында қоныстаған Африканың солтүстік өңірінен табылған ертедегі адамның сүйектерінің қалдықтары Еуропадан табылған қаңқа қалдықтарына өте ұқсас, сондықтан да олар бір мезгілде өмір сүрген деген пікірлер бар. 1938 жылы атақты ғалым А.П.Окладников Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен ертедегі адамның сүйек қаңқаларын тапты, бұл ғылымда дүниежүзілік мәні бар үлкен жаңалық болды.

 

Осы заманғы алғашқы адамдар. Осы заманғы алғашқы адамдардың бұдан 30-50 мың жыл бұрын қалыптасқан неоантроп тар немесе көпшілікке арналған әдебиеттерде кроманьон адамдары деп атайды. 1868 жылы Францияның оңтүстігіндегі Кро-Маньон үңгірінен осы заманғы алғашқы адамдардың бірнеше қаңқаларының қалдығы табылған. Табылған жерінің атымен оларды кроманьон адамдары деп атайды.

 

Кроманьондықтар немесе неоантроптар бойы 180 см шамасында, ми сауытының көлемі 1 600 см3 болған. Үлкен ми сыңарларының маңдай және самай бөлімдері жақсы дамыған. Маңдай сүйегі алға шығыңқы келген, қас үсті доға айқын байқалады, көз шарасы үлкен, сүйектері қалың, иегі анық білінеді. Иек сүйегінің алға қарай ұмсынуы олардың олардың түсінікті сөз сөйлей білгендігін көрсетеді. Кроманьондықтар өздері салған тұрғынжайда өмір сүрген. Олар тұратын үңгірлердің қабырғасынан аң аулау, билеу, адамдар эпизоды бейнеленген суреттер табылған. Тайпа, ру болып өмір сүру салты қалыптасқан. Айналасындағы табиғат туындыларына сыйыну, оларды қастерлеу сияқты нанымдарға ерекше көңіл бөлген, яғни діндарлық бастамасы пайда болған.

 

Кроманьондықтар мен неандертальдықтар біраз уақыттар бойы қатар өмір сүрген, бұдан 28 мың жыл бұрын осы заманғы алғашқы адамдар яғни кроманьондықтар оларды ығыстырып шағарған. Эволюция барысында олардан осы заманғы саналы адам Homo sapiens келіп шыққан.

 

Казіргі адамның пайда болуы, дамуы және қалыптасуы ұзақ уақытқа созылған өте күрделі құбылыс.

 

Казіргі кезде де жеке адамдарда болатын тұқым қуалайтын өзгерістер (яғни мутациялар) кездесіп тұрады. Ал оларды басқару, зиянды белгілердің болуынан сақтандыру тек биологиялық заңдылықтарды білу арқылы жүзеге асады.



Сұрақтар
  1. 1848 жылы палеантроптар сүйектерінің қалдығы табылған жер:
  2. 1856 жылы ертедегі адамдардың қаңқа қалдықтары табылған өзен:
  3. Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен ертедегі адамның сүйек қаңқаларын тапқан ғалым:
  4. Кроманьон  адамдары табылған жыл:
  5. Тайпа, ру болып  өмір сүру салты қалыптасқан адамдар:
  6. Бұдан 1,5 млн – 500 мың жыл бұрын өмір сүрген:

  7. Оңт.Қазақстандағы Қаратау өңірінен ертедегі адамдардың қонысын кім зерттеген?

  8. Ертедегі адамдар қалай өмір сүрген?

  9. Адам эволюциясындағы морфологиялық өзгерістерді атған ғалым:

  10. Ертедегі адамдардың бас сүйегін зерртеген көрнекті антрополог:

Қате туралы хабарландыру