Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

ІІІ тарау. Органикалық дүние эволюциясының негізгі бағыттары мен жолдары. Биологиялық прогресс

Конспект

Органикалық дүниенің дамуы барлық замандармен кезеңдерде жердің геологиялық және климаттық жағдайларына сәйкес жүріп жатты. Ол жағдайлардың өзгеруіне байланысты өсімдіктер мен жануарлар дүниесі де өзгеріп отырды. Органикалық дүние эволюциясының негізгі бағыты биологиялық прогресс болды. Биологиялық прогресс – қарапайымнан күрделіге қарай даму. Ағзалар қарапайым төменгі сатыдан жоғары сатыларға дейін көтеріліп, құрылыстарын күрделендіреді. Тіршілік үшін күресте мұндай ағзалар жеңіп шығып, соның нәтижесінде даралар саны артады, өмір сүру ортасын немесе ареалын кеңейтеді, жаңа ортаны игереді. Қазіргі кезде биологиялық прогресс жағдайында тұрған ағзалар қатарына жабық тұқымды өсімдіктер, жұмыр құрттар, бунақденелілер, сүйекті балықтар, құстар және сүтқоректілер жатады. Эволюция бағыттарының проблемаларын шешуге көрнекті совет ғалымдары А.Н.Серерцев, И.И.Шмальгаузен үлкен үлес қосты. Олар эволюцияның негізгі бағыттарының араморфоз, идиоадаптация және дегенерациядан құралатынын анықтап береді.

Биологиялық прогресспен қатар табиғатта биологиялық регрессте жүріп жатады.

 

Биологиялық регресс кезінде даралар санының кемуі, ареалдың тарылуы және түрдің жойылуы байқалады. Соңғы мәліметтер бойынша өсімдіктер әлемінде қырықбуындар мен шаңжапырақтардың, ал жануарлардан адамның іс-әрекетіне байланысты суыр, теңіз мысығынан биологиялық регрессі жүруде.

 

Ароморфоз. Әр алуан тіршілік жағдайында пайда болып, ағзаның құрылым деңгейі мен атқаратын қызметін күрделендіре түсетін, тіршілік қабылетін арттыратын жалпы маңызы бар бейімділіктерді А.Н.Северцев морфофизиологиялық прогресс немесе ароморфоз деп атады. Ароморфоз - тұқым қуалайтын өзгергіштік пен табиғи сұрыпталудың негізінде, ұзақ уақыт аралығын қамти жүретін әрекет. Ароморфоз үнемі биологиялық прогресске әкеледі. Мысалы, омыртқалы жануарлардың дамуындағы ірі аромофоз қан айналу мүшелер жүйесінің эволюциясы болып табылады.

 

Ароморфоз (көне грекше: аіro — көтеру, көне грекше: тофһе - форма, пішін) - органикалық дүние дамуының негізгі эволюциялық бағыттарының бірі, қоршаған орта әсерлеріне байланысты тірі организмдердің құрылымдық және қызметтік жағынан күрделеніп, жоғары сатыға көтерілуі. Мыс., бауырмен жорғалаушылардың арғы тектерінің сүтқоректі жануарларға айналу кезінде 3 камералы жүректен 4 камералы жүректің жетілуі және т.б. Морфологиялық-физиологиялық үдеріс. Бұл орасан зор бейімделгіштіктің пайда болуы, ол тіршілікке бейімділікті едәуір көтеріп, жаңа тіршілік ортасына көшуге жәрдемдеседі. Ароморфоз кезінде мүшелер (морфология құрылысы едәуір күрделеніп, ол тіршілік үдерісін (физиологиясын) күшейте түседі. Ароморфоздың қоршаған ортаның тар көлемді жағдайларына «жармасып» қалмауы да мүмкін, яғни ароморфоз нәтижесінде алынған артықшылық жай ғана бейімделуден әлдеқайда басым болады. Мысал ретінде хлорофилл және фотосинтездің пайда болуын, яғни ағзалардың автотрофты қоректенуге көшуін атауға болады. Бұл ароморфоз ғаламшарымызда барлық тіріліктің сақталып қалуына мүмкіндік берді. Жасушалардың, оның органоидтары және тіршілік үдерістері кезеңдерінің пайда болуына ароморфоз жәрдемдесті деп есептеуге болады. Көпжасушалық, мүшелер мен олардың жүйелерінің пайда болуы да жануарлардағы маңызды ароморфоздау нәтижесі деп есептеледі. Әрбір мүшелер: тамыр, сабақ, жапырақтар, гүл, тұқым және жемістің пайда болуы да көпжасушалық. Осылардың бәрі ірі ароморфоздар. Олар ағзаның мүмкіндігін соншалықты ұлғайтатын болғандықтан, ағзаның шынында да дамудың жоғарырақ сатысына көшуіне мүмкіндік береді. Ароморфоздар көбінесе ірі жүйелі топтардың пайда болуына себепші болып, солардың белгілері болып табылады.

 

“Идиоадаптация” терминін 1931 жылы А.Н. Северцев ұсынған. Идиоадаптация (грек. іdіos – өзіндік және лат. adaptatіo – бейімделу) – организм органдарының құрылысы мен өздері атқаратын қызметінің тіршілік ету жағдайы ерекшеліктеріне қарай құрылымдық деңгейінің өзгермей, күрделенбей бейімделуі. Мысалы, жейтін жемінің және оларды табу тәсілдерінің түрлілігіне қарай құстардың тұмсықтарының әр түрлі болуы; масалардың паразиттік тіршілік етуге, өсімдіктің ұрығын таратуға, т.б. бейімделуі; пішіні әрқилы және алуан түрлі ортада тіршілік еткенімен ішек қуыстыларға жататын гидроидтар, маржан полиптері, ескектілер, т.б. өзінің қос қабаттық пішіні мен құрылымын сақтап қалуы, т.б.

 

Дегенерация нәтижесінде организмдердің дербес дамуында жеке ұлпалардың және мүшелердің құрылым деңгейі қарапайымдала түседі. Мысалы, бақаның дернәсілінің (шөмішбалықтың) құйрығы бірте-бірте жойылып, ересек бақаға айналады.

 

Дегенерация (лат. degenero – біртіндеп жойылу) – табиғаттағы тірі организмдердің эволюциялық даму бағытының бірі. Кейінгі кезде дегенерацияны катагенез және регресс деп те атап жүр. Табиғаттағы кейбір түрлердің көбейіп, таралу аймағының ауқымды болуы – сол түрлердің құрылымдық деңгейінің қарапайымдала түсуіне әкеліп соғады. Жалпы дегенерация биологиялық прогреске жол ашады. Бұл көп жағдайда паразитті немесе бір орында бекініп тіршілік ететін түрлерге тән. Мысалы, паразитті тіршілік ететін өсімдіктердің тамыры, жапырақтары болмағандықтан, фотосинтез процесі жүрмейді. Мұндай өсімдік түрлері тек өздері бірге тіршілік ететін иесінің есебінен өсіп, көбейеді.

 

Паразитті тіршілік ететін таспа құрттардың (сиыр және шошқа цепендері) сезім, ас қорыту мүшелері жойылған, ал жүйке жүйесі қарапайымдала түскен, оның есесіне өзіне ғана тән сорғыштары, тісшелері, бекитін қармақшалары, т.б. жақсы дамыған. Сол мүшелері арқылы олар өз иесінің ішегіне бекініп тіршілік етеді. Мұндай құрттардың жыныс мүшелері өте жақсы дамыған. Мысалы, өгіз цепені өзінің 18 – 20 жылдық тіршілік ету кезеңінде 11 млрд-қа жуық жұмыртқа береді. Соның нәтижесінде олар табиғатта кеңінен таралып, өз түрін сақтап қалады.



Сұрақтар
  1. Қарапайымнан күрделіге қарай даму:

  2. Даралар санының кеміп, ареалдың тарылып, түрдің жойылуы:
  3. Тұқым қуалайтын өзгергіштік пен табиғи сұрыпталудың негізінде, ұзақ уақыт аралығын  қамти  жүретін әрекет:

  4. 1931 жылы А.Н. Северцев ұсынған термин:

  5. Организмдердің дербес дамуында жеке ұлпалардың және мүшелердің құрылым деңгейінің қарапайымдала түсуі:

  6. Туыстық жағынан өте жақын организмдердің ұқсас белгілерінің бір- біріне тәуелсіз дамуы:

  7. Даралардың құрылым деңгейі күрделеніп тіршілік етуге бейімділігі арта түсу кезеңі:

  8. Организмдердің өзіне пайдалы белгілі бір орта жағдайына бейімделушілігі:

  9. Туыс формадағы белгілердің ажырауын қалай атайды?

  10. Түрдің немесе басқада жүйелік топтардың тіршілік үшін күресте жеңіп шығуы:

Қате туралы хабарландыру