Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

IV тарау. Организмдердің көбею жолдары

Конспект

Жыныссыз көбею — өсімдіктер мен жан-жануарлар организмдерінің бір бөлімінен өзі тәрізді жаңа организмнің өсіп шығуы; ағзалардың жыныстық қарым-қатынассыз және жыныстық жасушалардың қатысуынсыз көбеюі. Ұрпақ таратудың өте ертеде қалыптасқан жолы болғандықтан жыныссыз көбею көбінесе біржасушалы ағзаларда кеңінен таралған бірақ кейбір көп жасушалы ағзаларға да тән: саңырауқұлақтарда, өсімдіктерде, жануарларда. Жыныссыз көбеюдің екі жолы бар: 1) вегетативтік өніп-өсу, 2) споралану.

Құрылысы күрделі өсімдіктердің тамыры, сабағы және жапырағы арқылы, сонымен қатар саңырауқұлақ пен қына тәрізді төменгі сатыдағы өсімдіктердің денесінің бір бөлшегі арқылы көбеюін вегетативті көбею деп атайды.Жаңа организмнің дамуына бастама беретін арнайы клеткалар (споралар) түзілуін – жыныссыз көбею және вегетативтік көбею деп бөліп қарайды.

 

Спора арқылы көбейетін түрлерде, жаңа организм ата-анасының біреуінің тұқым қуалайтын негізі бар арнайы клетка – спорадан дамиды. Спораның түзілуі бактерияларда, қарапайымдарда, саңырауқұлақтарда және өсімдіктердің барлық түрлерінде кездеседі. Споралар өзінің құрылымы және қызметі бойынша әр түрлі болуы мүмкін. Дәнді өсімдіктердің микроспоралары (тозаң түйіршіктері) және мегаспоралары (ұрық қапшығы), тозаң қапшығы және ұрық бастама деп аталатын спорангияда түзіледі. Споралар өте көп мөлшерде түзіледі және олар жеңіл болғандықтан жел, жануарлар және жәндіктер арқылы оңай таралады.

 

Жыныстық көбею – аналық және аталық жыныс клеткаларының (гаметалар) қосылуынан түзілетін, яғни ұрықтану нәтижесінде пайда болатын зиготадан жаңа ұрпақтың дамуы. Көптеген тірі организмдердің құрылымдары және қызметтері жағынан жыныс клеткалары аналық (жұмыртқа-клетка) және аталық (сперматозоид) болып екіге бөлінеді. Әдеттегідей, жұмыртқа-клетка және сперматозоидтар аналық және аталық организмдерде жетіледі.

 

Табиғатта сирек болатын жыныстық көбеюдің ерекше түрөзгерістерін – партеногенез деп атайды. Бұл – аналық гаметаның аталық гаметамен ұрықтанбай дамуы.

 

Мұндай көбею кезінде ұрықтану болмайды, ұрық ұрықтанбаған жұмыртқа жасушадан дамиды. Ұрықтанбай көбейгенде аталық дарақтар қатыспайтындықтан аналық дарақтың әр алуан ата тектерінің белгілерін құрамдастыруға ғана мүмкіндік болады. Бақбақ, темекі мен қызылшаның көптеген іріктемелері, орхидеяның кейбір түрлері бұған мысал бола алады. Жануарларда бітелер мен дафниялардың жазғы ұрпақтары осылай көбейе алады. Паразит құрттар формасының көпшілігі осы жолмен көбейеді. Ондай кезде иесінің ағзасындағы дернәсілдер ұрықтанбастан келесі ұрпақтарды береді.



Сұрақтар
  1. Өсімдіктер  мен жан-жануарлар организмдерінің бір бөлімінен өзі тәрізді жаңа организмнің өсіп шығуы.
  2. Төменгі  сатыдағы өсімдіктердің денесінің бір бөлшегі арқылы көбеюін.
  3. Спора арқылы көбею тән.
  4. Аналық  және аталық жыныс клеткаларының (гаметалар) қосылуынан жаңа ұрпақтың дамуы.
  5. Аналық  және аталық жыныс клеткаларының (гаметалар) қосылуынан жаңа ұрпақтың дамуы.
  6. Немен әсер еткенде жасанды жолмен ұрықтанбаған жасушадан жаңа организм дамиды?

  7. Партеногенез қайсысында байқалады?

  8. Мұртшаларынан көбею көбеюдің қай түріне жатады?

  9. Телу жұмыстарымен айналысқан орыс ғалымы:

  10. Жыныс жасушалары не деп аталады?

Қате туралы хабарландыру