Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

І тарау. Нуклеин қышқылдарының химиялық құрамы

Конспект

Құрамына азотты негіз, рибоза және фосфор қышқылының қалдығы кіретін қосылыс нуклеотид деп аталады. Нуклеотидтер нуклеин қышқылының мономерлері, олар екі топқа бөлінеді: пуриндік − аденин мен ганин және пиримидиндік − тимин, урацил және цитозин.

 

Нуклеотид қалдықтарынан тұратын жоғары молекулалы органикалық қышқылдар - нуклеин қышқылдары. Нуклеотидтер (мононуклеотидтер) пуриндік және пиримидиндік негізден, пентоза көмірсуынан (Д-рибоза немесе Д — дезоксирибозадан) және фосфор қышқылынан құралады. Нуклеин қышқылының құрамына кіретін пурин негіздерінің ішінде әсіресе аденин (А) мен гуанин (Г), пиримидин негіздерінің ішіндегі әсіресе маңыздысы-урацил (1-1), тимин (Т) және цитозин (Ц).

РНҚ полинуклеотидінің химиялық құрылымы

 

Құрамында рибоза бар нуклеотидтерді рибонуклеотидтер деп, ал құрамында дезоксирибоза барын - дезоксирибонуклеотидтер деп атайды.

Мыңдаған мононуклеотидтер (мономерлер) полимерленеді де, нуклеин қышқылынын макромолекуласын (полимер) түзеді, оларды полинуклеотидтер дейді.

Нуклеотидтер құрамына кіретін қанттың табиғатына сәйкес нуклеин қышқылдарының химиялық және биологиялық қасиеттері жөнінде бірінен-бірінің үлкен айырмашылығы болады.

Дезоксирибонуклеотидтерден тұратын нуклеин қышқылдарын дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) деп, егер ондай қышқыл рибонуклеотидтерден құралса, онда рибонуклеин қышқылы (РНҚ) деп аталады.

ДНҚ молекуласы – үш құрылымды болып келеді. ДНҚ-ның бірінші реттік құрылымында оның молекуласындағы нуклеотид қалдықтарының белгілі тәртіппен кезектесіп қайталануы жатады. ДНҚ-ның екінші реттік құрылымы – оның шиыршықты, яғни көптеген дезоксирибонуклеотид тізбектерінің оралым түрінде болады.



Сұрақтар
  1. Құрамына азотты негіз, рибоза және фосфор қышқылының қалдығы кіретін қосылыс:
  2. Нуклеотид  қалдықтарынан тұратын жоғары молекулалы органикалық қышқылдар:
  3. Құрамында рибоза бар нуклеотидтерді көрсет:
  4. Дезоксирибонуклеотидтерден тұратын нуклеин қышқылдарын ата:
  5. ДНҚ  молекуласының  құрылымы:
  6. ДНҚ молекуласы неше құрылымды?

  7. ДНҚ-дағы нуклеотидтердің арақашықтығы қандай?

  8. ДНҚ молекуласындағы пуриндік және пиримидиндік негіздердің арасында сандық сәйкестік бар екенін көрсететін ереже кімнің атымен аталады?

  9. Пуриндік негіздерге төмендегілердің қайсысы жатады?

  10. Нуклеотид құрамына кіретін заттарды табыңыз:

  11. Пуриндік азоттық негіздер қанша сақиналы молекуладан тұрады

  12. Егер де гуаниндік нуклеотидтердің мөлшері 5%-ды құрайтын болса (нуклеотидтердің жалпы санына), ДНҚ-дағы тиминдік нуклеотидтердің пайыздық мөлшері

  13. Егер де адениндік нуклеотидтердің мөлшері 15%-ды құрайтын болса (нуклеотидтердің жалпы санына), ДНҚ-дағы цитозиндік нуклеотидтердің пайыздық мөлшері

  14. тРНҚ-ға тән

  15. ДНҚ молекуласының құрамындағы нуклеотидтерді анықтап, сипаттау үшін ерекшелік коэффициенті деген ұғымды енгізді

  16. ДНҚ молекуласының рентгенграммалық суретін бірінші болып түсірді

  17. ДНҚ-ның кристалдық талшықтарының рентгенграммасын алды

  18. Лигаза ферменттерінің қасиеттерін зерттеп, ол ферменттің үзінділерді бірімен-бірін жалғап, тұтас бір тізбек құрастыратынын тапты

  19. ДНҚ-ның бір оралымында он жұп нуклеотид болатынын анықтаған (-дар)

  20. РНҚ молекуласының типтері

Қате туралы хабарландыру