iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Өткен шақтағы келер шақ / Future in the Past
The Future Indefinite in the Past - іс-әрекетті сөйлеп тұрған уақыттан кейін, болашақта болатындығын өткен шақ формасында беру. Осы себепті басыңқы сөйлем өткен шақта берілсе, Future Indefinite in the Past бағыныңқы сөйлемде қолданылады.
The Future Indefinite in the Past shall, will етістігінің орнына should, would көмекші етістігі арқылы жасалады. I жақтың жекеше және көпше түрінде should етістігі, II және III жақтың жекеше, көпше түрінде would етістігі келеді.
Сұраулы формасы should, would етістігі арқылы жасалынады, көмекші етістік бастауыштың алдына қойылады.
Болымсыз формасы бастауыштан кейін should, would етістігі арқылы жасалынады, одан кейін not шылауы тұрады.
Мезгіл үстеулері: tomorrow, soon, next day, next week, next month, next year, in a few days т.с.с.
The Future Continuous in the Past созылыңқы іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан кейін, келер шақта болатындығын өткен шақ формасында қолданылады. Басыңқы сойлем етістік өткен шақта қолданылғанда, бағыныңқы сөйлем келер шақта болады.
The Future Continuous in the Past шағының жасалу жолы келер созылыңқы шақ сияқты жасалады, тек shall, will орнына should, would қолданылады және to be келер шақ формасы should be, would be және осы шақ есімшесі (Present Participle) арқылы жасалынады.
Сұраулы формасы бірінші көмекші should, would етістігі арқылы жасалынады, көмекші етістік бастауыштың алдына қойылады.
Болымсыз формасы бастауыштан кейін бірінші көмекші should, would етістігі арқылы жасалынады, одан кейін not шылауы тұрады.
Мезгіл үстеулері: at five o’clock, at that moment, at noon, at midnight, from five till six т.с.с.
The Future Perfect in the Past cөйлеу кезінде аяқталған іс- әрекеттің болатын нақты нәтижесін өткен шақта қолданылуы.
The Future Perfect in the Past шағының жасалу жолы келер перфекті шақ сияқты жасалады, тек shall, will орнына should, would қолданылады және to have келер шақ формасы should have, would have және өткен шақ есімшесі (Past Participle) арқылы жасалынады.
Сұраулы формасы бірінші көмекші should, would етістігі арқылы жасалынады, көмекші етістік бастауыштың алдына қойылады.
Болымсыз формасы бастауыштан кейін бірінші көмекші should, would етістігі арқылы жасалынады, одан кейін not шылауы тұрады.
Мезгіл үстеулері: by 5 o’clock, by the first of July, by Saturday т.с.с.
The Future Perfect Continuous in the Past іс-әрекет қимылдың келер шақта созылыңқы аяқталғанын өткен шақ формада білдіреді.
The Future Perfect Continuous in the Past шағының жасалу жолы келер перфекті созылыңқы шақ сияқты жасалынады, тек shall, will орнына should, would қолданылады should have been , would have been және келер шақ есімшесі (Present Participle) арқылы жасалынады.
Болымсыз формасы бастауыштан кейін бірінші көмекші should, would етістігі арқылы жасалынады, одан кейін not шылауы тұрады.
Мезгіл үстеулері: for seven hours, for twenty years, for a long time т.с.с.
-
Төмендегі сөйлем қай келер шақтың өткен шақ формасында тұрғанын тап. She said that her friend would have been reading this book for a long time.
-
Төмендегі сөйлем қай келер шақтың өткен шақ формасында тұрғанын көрсет. She said she would write a letter to you.
-
Төмендегі сөйлем қай келер шақтың өткен шақ формасында тұрғанын көрсет. He thought that I should be working all day.
-
Төмендегі сөйлем қай келер шақтың өткен шақ формасында тұрғанын көрсетіңіз. He said that he would have taken his examinations by the first of July.
-
The Future Simple in the Past шағында тұрған етістікті көрсетіңіз.
-
The Future Continuous in the Past шағында тұрған етістікті көрсетіңіз.
-
The Future Perfect in the Past шағында тұрған етістікті көрсетіңіз.
-
The Future Perfect Continuous in the Past шағында тұрған етістікті көрсетіңіз.
-
Төмендегі структура қай келер шақтың өткен шақ формасында тұрғанын белгілеңіз. Should/would have done.
-
Төмендегі структура қай келер шақтың өткен шақ формасында тұрғанын көрсетіңіз. Should / would have been going.
-
Elicit narrative tenses from sentences