iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Есімше / Participle I, Participle II
Есімше (көсемше) – етістік пен сын есімнің өзіндік ерекшеліктерін үйлестіретін етістіктің жақсыз түрі.
Ағылшын тілінде есімшенің екі түрі бар: Participle I, Participle II.
1. Participle I (осы шақ есімше) тұлғасындағы етістіктер тұйық етістікке –ing жалғауын жалғау арқылы жасалады.
2. Participle II (өткен шақ есімше) зат есімнің белгілі бір қимылға қатысты белгісін білдіреді. Participle II түрі әртүрлі жолмен жасалады көбінесе негізгі етістікке -en,-n жалғауын жалғау арқылы және түбір дауыстының мүлдем өзгеруі арқылы жасалады. Ал дұрыс етістіктер негізгі етістікке -d, -ed жалғауын жалғау арқылы жасалады.
Есімше сөйлемде анықтауыш, баяндауыш, пысықтауыш және толықтауыштың қызметін атқарады.
-
Төмендегі сөйлемдегі есімшенің қызметі. A playing boy was seen in the street.
-
“do” етістігінің Participle I формасын көрсетіңіз.
-
Төмендегі мысалдың грамматикалық формасы. Closed.
-
Сөздің түрін анықтаңыз. Gone.
-
Төмендегі сөйлемді есімшемен толықтырыңыз. That night … up to his room he thought of his unpleasant duty.
-
Төмендегі сөйлемдегі есімшенің қызметі. A broken cup was on the table.
-
“make” етістігінен Participle II Формасын жасаңыз.
-
Төмендегі сөйлемді есімшемен толықтырыңыз. A new road … the plant with the railway station will soon be built.
-
Participle II бар сөйлемді анықтаңыз.
-
“give” етістігінің Participle II формасын көрсетіңіз.
-
Show the right participle form.
-
Find the participle clause with adverbial meaning.