iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Аяқталған шақтар/ Perfect Tenses
The Present Perfect Tense сөйлеп тұрған уақыт алдында ғана аяқталған іс- әрекетті білдіреді.
Болымды сөйлем |
Болымсыз сөйлем |
Сұраулы сөйлем |
I have worked You have worked He has worked She has worked It has worked We have worked You have worked They have worked |
I have not worked You have not worked He has not worked She has not worked It has not worked We have not worked You have not worked They have not worked |
Have I worked? Have you worked? Has he worked? Has she worked? Has it worked? Have we worked? Have you worked? Have they worked? |
The Present Perfect Tense шағының жасалу жолы to have көмекші етістігінің қазіргі шақ формасы (have, has) мен негізгі етістіктің өткен шақ есімшесі Participle II (Past Participle) арқылы жасалады.
Сұраулы формасы көмекші етістік (have, has) бастауыштың алдына қойылады.
Болымсыз формасы бастуыштан кейін көмекші етістігінен (have, has) кейін not шылауы тұрады.
Мезгіл үстеулері: today, this week, this month, often, seldom, already т.с.с.
The Past Perfect Tense белгілі бір өткен уақыт алдында немесе уақыт аралығына дейін аяқталған іс-әрекетті білдіреді.
Болымды сөйлем
|
Болымсыз сөйлем |
Сұраулы сөйлем |
I had worked You had worked He had worked She had worked It had worked We had worked You had worked They had worke |
I had not worked You had not worked He had not worked She had not worked It had not worked We had not worked You had not worked They had not worked |
Had I worked? Had you worked? Had he worked? Had she worked? Had it worked? Had we worked? Had you worked? Had they worked? |
The Past Perfect Tense шағының жасалу жолы to have көмекші етістігінің өткен шақ формасы (had) мен негізгі етістіктің өткен шақ есімшесі Participle II (Past Participle) арқылы жасалады.
Сұраулы формасы көмекші етістік (had) бастауыштың алдына қойылады.
Болымсыз формасы бастуыштан кейін көмекші етістік (had), одан кейін not шылауы тұрады.
Мезгіл үстеулері: by 5 o’clock, by Saturday, by that time, by the end of the year т.с.с.
The Future Perfect Tense келер шақта белгілі бір уақыт алдында немесе мезгіл аралығында орындалатын іс- әрекетті білдіреді.
Болымды сөйлем
|
Болымсыз сөйлем |
Сұраулы сөйлем |
I shall have worked You will have worked He will have worked She will have worked It will have worked We shall have worked You will have worked They will have worked |
I shall not have worked You will not have worked He will not have worked She will not have worked It will not have worked We shall not have worked You will not have worked They will not have worked |
Shall I have worked? Will you have worked? Will he have worked? Will she have worked? Will it have worked? Shall we have worked? Will you have worked? Will they have worked? |
The Future Perfect Tense шағының жасалу жолы to have көмекші етістігінің келер шақ формасы (shall have, will have) мен негізгі етістіктің өткен шақ есімшесі Participle II (Past Participle) арқылы жасалады.
Сұраулы формасы көмекші етістік (shall, will) бастауыштың алдына қойылады.
Болымсыз формасы бастуыштан кейін көмекші етістігінің (shall, will) кейін not шылауы тұрады.
Мезгіл үстеулері: by 5 o’clock, by Saturday, by that time, by the end of the year т.с.с.
-
Дұрыс нұсқаны табыңыз. … he … me about it?
-
Төмендегі сөйлемді Past Perfect шағына құрастырыңыз. She/go/out.
-
Болымсыз сөйлем жасаңыз. The house was dirty because I … it for weeks.
-
Етістікті тиісті шақ формасына қойыңыз. I’ll be back by 6. They … by then.
-
Етістікті тиісті шақ формасына қойыңыз. I (to see) Zhadyra today.
-
Етістікті тиісті шақ формасына қойыңыз. He ... everything.
-
Тиісті нұсқаны көрсетіңіз. I ... Peter today.
-
Дұрыс нұсқаны табыңыз. ... she ... her homework?
-
The Present Perfect Tense шағында келетін шақ үстеуін көрсетіңіз.
-
Етістікті тиісті шақ формасына қойыңыз. We were angry with our dog, because it ... the meat from the table.
-
Етістікті тиісті шақ формасына қойыңыз. I … on that typewriter before.
-
Етістікті тиісті шақ формасына қойыңыз. By this time tomorrow we … the match.
-
Болымсыз сөйлем жасаңыз Clarissa ... getting her hair done by noon.
-
Дұрыс нұсқаны табыңыз. … you … eating dinner by the time I arrive?
-
Дұрыс нұсқаны табыңыз. By that time I’ll ... from the University and will … a well-paid job, I hope.