
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Reflexive Pronouns / Өздік есімдіктері: түрлері, тұрақты сөз тіркестері.
Ағылшын тілінде өздік есімдігі толықтауыштың қызметін атқарады, кейде жіктеу есімдіктерімен қабаттасып та келеді. Негізінде өздік есімдіктері етістіктен кейін келеді. I do homework myself.
Үй жұмысын (мен) өзім орындаймын.
Өздік есімдігі жекеше түрде – self жалғауы, ал көпше түрде – selves болып, f- әрпі v-ге өзгеріп және - es жалғану арқылы жасалады.
жақ |
Өздік есімдік (+ self ) |
Өздік есімдік (+ selves) |
||||
|
Жекеше түрі Көпше түрі |
|||||
І |
myself |
өзім |
ourselves |
өзіміз |
||
ІІ |
yourself |
өзің ,өзіңіз |
yourselves |
өздерің ( +із ) |
||
ІІІ |
himself herself itself |
өзі өзі өзі |
themselves |
өздері |
Қазақ тіліне аударғанда – өзім деп зат есім немесе есімдіктің мағынасын кеңейтіп айтылады.
Мысалы: He decorated the room himself. Ол бөлмені өзі әшекейледі.
2.I gave the book to him myself.Оған кітапты мен өзім бердім.
3.He saw himself in the mirror. Ол өзін-өзі айнадан көрді.
Кейбір етістіктердің өздік мағынасы болады.
Be careful! Don’t beat yourself ! Байқа! Соғылып қалма!
Ал енді бұйрық райда «өз» деген сөз ағылшын аудармасында түсіп қалады. Мысалы: Тамақ алыңыз! Help yourself! – дегенде « өз» есімдігі түсіп қалған.
Ағылшын тілінде to feel (өзін сезіну) және to behave (өзін ұстау) етістіктері өздік есімдікте қолданылмайды. Example: I feel good.
Ағылшын тілінде бірнеше етістіктер өздік есімдігін қажет етеді.
Мысалы:to find oneself, to amuse oneself, to hurt oneself, to hide oneself,to cut oneself, to enjoy oneself, to throw oneself, to wash oneself, to shave oneself.
-
Сөйлемді өздік есімдікпен толықтыр. Sometimes I cut my hair …
-
Сөйлемді толықтыр. They washed and dressed...
-
Сөйлемді дұрыс аудар. He wants to do it himself.
-
Сөйлемді дұрыс аудар. Мұны өзің жаса!
-
Қай сөйлемде Yourself есімдігі қойылатынын көрсет.
-
Қай сөз өздік есімдікпен қолданылмайтынын көрсет.
-
Сөйлемді өздік есімдікпен толықтыр. Children do it …
-
Сөйлемді өздік есімдігімен толықтыр. They have done the task …
-
Сөйлемді өздік есімдікпен толықтыр. She doesn’t like to speak about …
-
Өздік есімдіктің сөйлемдегі қызметі.
-
Өздік есімдіктің көпше түрін көрсет.
-
Көпше түрде тұрған есімдігі бар сөйлемді көрсетіңіз.
-
Өздік есімдіктің жекеше түрін көрсет.
-
Oneself қандай есімдікке жататынын анықта.
-
Сөйлемді толықтыр. The dog did it …
-
Choose reflexive pronoun which stress the subject or object only