Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Есептік сан есім /Cardinal Numerals: дара және күрделі сан есімдер.

Конспект

1. Есептік сан есім заттың санын білдіреді. Қанша? How many? деген сұраққа жауап береді.

Есептік сан есімдер -teen, -ty жұрнақтар арқылы жасалады. 1-ден 12-ге дейінгі сандарға жалғаулар жалғанбайды.

Мысалы 1-one 12-twelve

2-two

3-three

13-тен 19-ға дейінгі сан есімдерге -teen жұрнағы жалғану арқылы.

Мысалы 13- thirteen 19-nineteen

14-fourteen

Мұнда 13 және 15 сандары thirteen және fifteen болып түбірлері өзгереді.

Ондық сандарға (10-90) сан есімдерге –ty жұрнағы қосылу арқылы жасалады.

Мысалы: six-sixty, seven-seventy.-ty жұрнағы жалғанғанда two, three, four және five сан есімдері түбегейлі өзгереді.

Мысалы: two-twenty, thirty, forty, fifty.

Бірнеше саннан тұратын күрделі сан есімдер үлкен мағынадан кіші мағынаға қарай принципі бойынша құрастырылады.

Dozen (дюжина) hundred (жүз) thousand (мың) million (миллион) т.б сан есімдерінің алдына топтық мағына беретін “a” артиклі немесе “one” сан есімі пайдаланылады.

Егер hundred, thousand, million сан есімдерінің алдында басқа тұрса, онда оларға -s жалғауы жалғанып, анықтайтын of предлогы арқылы қолданылады.

Hundreds of people.

Жүздеген адамдар.

Сонымен қатар жүздіктерден ондықтарға немесе бірліктерге ауысқанда and жалғаулығы қолданылады.

133- a hundred and thirty three.

1205- one thousand two hundred and five.

Ағылшын тілінде үйдің, бөлменің, автобустың, датаның нөмірін белгілеуде есептік сан есімдер қолданылады. Бірақ сан есім анықталатын сөзден кейін тұрады.

I live in street 56.

Open your book on page 146.

Есептік сан есімдер мен жылдарды айтқанда

1925- nineteen twenty five.

2004- two thousand and four немесе twenty oh four.

Курделі сан есімдердегі мыңдық, миллиондық, бір мыңдықтар үтір арқылы ажыратылады.

Мысалы 6,000- six thousand

8,000,000- eight million.

Сонымен бірге күрделі сан есімдердегі ондық сандардың алдына and жалғаулығы қолданылады.

103- a (one) hundred and three.

464- four hundred and sixty four.

Ағылшын тілінде телефон нөмірін атағанда әрбір цифр жеке оқылады.

О цифры [ou], ал американдықтар 0 [zi:rou].

Англияда негізгі ақша бірлігін фунт (pound) 100 пенске тең.

Қысқаша жазылғанда £ белгісі санның алдына қойылады.

Мысалы £1 – one pound.

1p – one penny.

£10 – ten pounds.

25p – twenty five pence.

£ 7,80p – seven pounds and eighty pence.

Американың негізгі ақша бірлігі доллар 10 центке тең.

Қысқаша $ белгісі санның алдында келеді. Цент (cent) саннан кейін қойылады.

Мысалы: $1 – one dollar

$10 – ten dollars.

41 – forty one cents.

10 $53 – fifty three dollars and ten cents.



Сұрақтар
  1. Есептік сан есімді көрсет.

  2. 325 есептік сан есімінің дұрыс оқылуы.

  3. 3528 санының аталуы.

  4. Сөйлемді толықтырыңыз. Open your books on page ...

  5. Сөйлемдегі санның дұрыс оқылуы. There are 26 pupils in our class.

  6. Сөйлемді толықтыр. Two hundred minus seventy is ...

  7. Сан есімді дұрыс оқы. She lives in flat No.16.

  8. Ақша бірлігін дұрыс оқы. Fifty three dollars and ten cents.

  9. Ақша бірлігін дұрыс оқы. Seven pounds and eighty pence.

  10. Есептік сан есімді дұрыс оқы. 15.

  11. Есептік сан есімді дұрыс оқы. 30.

  12. Сөйлемді толықтыр. He gets ... a month.

  13. Сөйлемдегі есептік сан есімді дұрыс аудар. Жүздеген құстар.

  14. Есептік сан есімді тап.

  15. Телефон нөмірін дұрыс оқы. 57-33

Қате туралы хабарландыру