
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Белгісіздік артиклі / Indefinite Article. Ерекшеліктері және қолданылуы
Артикльдер зат есімнің алдына қойылатын қызметші сөздер, олар затқа қосымша сипаттама береді.
Ағылшын тілінде артикльдің екі түрі бар.
Олар : 1. Белгісіздік артиклі: a / an/. Бұл артикльдер тек саналатын зат есімнің алдында қолданылады. Мысалы: а desk, a map, a computer, a man, a bag etc.
Белгісіздік артиклі сөйлемде бір деген мағынаны береді және зат есімнің жекеше түрімен қолданылады. Мысалы: She is a student (жекеше). – Ол студент. Зат есімнің көпше түрінде артикль қолданылмайды.
Мысалы: We are students. Біз студенттерміз.
Белгісіздік артиклі қолданылмайды:
А) саналмайтын және абстрактілі зат есімдерге :
I like coffee and tea. Friendship is very important in our life.
В) зат есімнің көпше түріне :
They are pupils. We are doctors. There are many desks and chairs in our classroom.
С) адам аттарының алдында
Д) зат есімнің алдында өздік есімдігі және сілтеу есімдігі келсе :
This car is better than that. The bike is old.
Е)зат есіммен қатар есептік сан есім келген кезде :
Read the text on page eight.
“A’ артиклі мынадай конструкцияларда қолданылады.
I have a …, This is a …, I am a …, What a fine day! What a good boy!
Белгісіздік артиклі өзінен кейін келген зат есім дауысты дыбыстан басталса, “An” болып қолданылады. Eg: an actor, an elephant, an orange, an ox etc.
-
Мақалды толықтырыңыз. … home is his castle.
-
Тиісті сөзге „a„ артиклін қой.
-
“an” артиклі қай сөзге қойылатынын көрсет.
-
Артикльмен айтылатын тіркесті белгіле.
-
Артикльді дұрыс қолданыңыз.
-
Тиісті артикльді қойыңыз. Zig is … enormous city as big as London.
-
Сөйлемді белгісіздік артиклімен толықтырыңыз. Do you want to see … new film?
-
Сөйлемді толықтыр. Buckingham Palace is like ...
-
Сөйлемді артикльдермен толықтыр. I think … sandy beach is … good place for … holiday.
-
Сөйлемді артикльмен толықтыр. Cambridge is …. ancient city.
-
Сөйлемді толықтыр. “ Alice in Wonderland” is …
-
Сөйлемді дұрыс аудар. Winter is very wonderful season.
-
Артиклі бар сөйлем.
-
Сөйлемді дұрыс аудар. I bought a kilo of sugar.
-
Қай сөз “ an” белгісіздік артиклімен келетінін көрсет.