
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
1-нұсқа
-
Жағдаятты оқып, тапсырманы орындаңыз.
Жағдаят: Асқар жол жүріп бара жатқандықтан автокөлігін Азаматқа тапсырып кетті, сондай-ақ Азаматқа көлікті тегін пайдалануға рұқсат етті. Сонымен, Азамат Асқар оралғанға дейін көлікке қарап, келгесін оны иесіне қайтаратын міндеттемеге ие болды. Ал Асқар өз кезегінде Азаматтың көлікті олар келіскен кезеңде пайдалануына кедергі жасамауға міндеттеме алды (сақтау қызметі үшін төлемнің бір түрі).
Жағдаятқа сәйкес міндеттеме субъектісі мен объектісін тап.
-
Жағдаятты оқып, сұраққа жауап беріңіз.
Жағдаят: Азаматша О. ойын-сауық кештерін өткізетін агенттікке хабарласып, ұлының туған күні кешіне екі актерді жалдады. Ауызша жасалынған шарт бойынша актерлер сенбі күні сағат 16:00-де мейрамханаға келуі керек еді. Алайда мерекелік іс-шараға актерлер сағат 18:30-да келген. Азаматша О. актерлердің қызметін қабылдаудан бас тартып, басқа агенттіктің қызметкерлерін жалдауға мәжбүр болды.
Міндеттеме құқығы бұзылды ма? Неліктен бұзылды немесе бұзылмады?
-
Жағдаятты оқып, сұраққа жауап беріңіз.
Жағдаят: Азаматша Л. дүкеннен шұлық пен ішкі киім сатып алды. Тауарды сатып алу кезінде сатушы оған ішкі киімдерді сатып алу бойынша бекітілген дүкеннің шартымен таныстырды. Азаматша сатып алған тауарын үйге келіп киіп көргенде, өлшемі сәйкес келмейтінін түсінді. Ол үш күннен кейін дүкенге барып, шұлық пен ішкі киімді кері қайтарғысы келді. Бірақ дүкен тауарды қабылдаудан бас тартты.
Міндеттеме құқығы бұзылды ма? Неліктен бұзылды немесе бұзылмады?
-
Жағдаятты оқып, сұраққа жауап беріңіз.
Жағдаят: В. есімді азамат Алматы метрополитеніне түсіп, жолақысын өту турникеті арқылы карточкамен төледі. Бірақ кенеттен жұмыс орнында үйдің кілтін қалдырып кеткені есіне түсіріп, метродан қайта шығады.
Бұл әрекет мәміленің қай түріне жатады? Ол жол жүруге жұмсалған ақшаны қайтара ала ма?
-
Жағдаятты оқып, сұраққа жауап беріңіз.
Жағдаят: Р. есімді азамат 5 жыл бойы коммуналдық қызмет үшін, соның ішінде жылу, электр қуаты, газбен жабдықтау үшін көп мөлшерде қарызға алды. Өз үйінің кепілдік мүлкін тәркілеу мүмкіндігін түсіне отырып, азамат Р. үйді белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамға сатады. Сату туралы шартты нотариус пен әділет органдарында тіркейді. Бірақ, шын мәнінде, тұрғылықты жерін өзгертпеді.
Осы келісім мәміленің қай түріне жатады? Мәміле заңды ма?
-
Жағдайды оқып, жауабын анықтаңыз.
Кейс: Азамат А. туристік фирмада (саяхат) фотограф болып жұмыс істейді, өзінің жеке әлеуметтік парақшасында суреттерін жариялаған. Түркияға сапарында ол өзінің фотосуреттерін туристік компанияның веб-сайтынан көрді. Сонымен қатар дәл сол суреттерді жергілікті танымал бренд әйелдер киімдері қолданған.
Бұл жағдайда авторлық құқықты бұзу бар ма?
-
Іс жағдайды оқып, жауабын таңдаңыз.
Үйді жөндеуді жоспарлап отырған меншік иесі құрылыс бригадасын жалдайды. Жөндеудің көлемі, уақыты, сапасы және орындалған жұмыс үшін ақы алдын ала келісілген. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін үй иесі жөндеудегі кемшіліктерді анықтайды.
Көрсетілген қызметтен кемшілік табылған кезде өз таңдауы бойынша меншік иесі қандай құқығын пайдаланады?
-
Іс жағдайды оқып, жауабын таңдаңыз.
Азамат Л. аптасына бір рет қоғамдық моншаға барады. Кассадан билет алғанда, ол қайың сыпырғышты әр уақытта сатып алады. Сатушы бақылау-кассалық машинаны пайдалана отырып, сатып алушыға билет пен қайың сыпырғышының сатылғаны туралы фискалды түбіртек береді. Себебі бақылау-кассалық машинаны пайдаланау, ҚР салық заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда қолдануға міндетті.
Бақылау-кассалық машинаның және омырау карточкасының болу міндеттері туралы қай бапта қарастырылған?
-
Кейсті оқып, жауабын таңдаңыз.
Азаматша П. мен азамат Д-арасында екі тараптың келісімімен аудандық соттың шешімімен некелері бұзылады. Соттың шешімімен бала анасымен бірге қалады. Неке бұзылғаннан кейін азамат Д. ерлі-зайыпты болу кезінде таңдап алған әйелінің тегін сақтап қалғысы келеді.
Осы жағдаятта құқықбұзушылық байқала ма? Неге?
-
Кейсті оқып, жауабын таңдаңыз.
Кейс: А. және В. азаматтар некелерін қиюға шешім қабылдайды. Б. деген азамат некелерін тек діни рәсім арқылы заңдастыруды ұсынып, ары қарай өмір сүре береді. Бастапқыда ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық пен өзара көмек негізінде құрады. Бала дүниеге келгеннен кейін, оны қамқорлыққа алу бойынша міндеттері ерлі-зайыптылар арасында тең бөлінеді.
Осы жағдаятта заңға қайшы қандай әрекеттер байқалады?