Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша
ҰБТ тапсыру

Блог

30-01
2019
Эссе байқауы: қорытынды

2019 жылдың 30 қаңтарында BilimLand ұсынған «Эссе байқауы» өз мәресіне жетті. Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен барлығы 522 оқушы қатысты. Қатысушылардың барлығы шығармашылық қабілетімен ерекшеленіп, жазу сауаттылығының сапалы дәрежесін көрсетті. Ерекше эссе жазған қатысушыға арналған бас жүлде – электронды кітап.

Тәуелсіз сарапшыларымыз қорытынды аттестаттау алғышарттарына сәйкес байқау жұмыстарын эссені бағалау критерийлері бойынша сарапқа салды..

Сарапшылар комиссиясының құрамында тәжірибелі педагогтар, тілтанушы мұғалімдер және арнайы шақырылған сарапшылар болды. Олар:

  • Хоменко Татьяна Николаевна, «Оқулық» РҒПО сарапшысы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

  • Қасымбек Айсұлу Асылханқызы, тренер, дәріскер және қазақ тілінің әдіскер маманы, эссе жазу бойынша әдістемелік кітаптардың авторы;

  • Бондарева Ануш Арташовна, ағылшын тілінің жоғары санаттағы мұғалімі, Британдық Кеңестің штаттан тыс жаттықтырушысы;

  • Зотова Людмила Михайловна, педагогика ғылымдарының кандидаты, Болгарияның Бургас қаласындағы «Русская школа» білім беру орталығының филолог мұғалімі.

Байқау жұмыстарын саралап, бағалауға үлес қосқан комиссия құрамындағы тәуелсіз сарапшыларымызға алғыс білдіреміз.

Әр шығарма жеке көзқарастың көрініс табуы, кіріспе мен тақырып мазмұнының ашылуы, эсседегі тезис пен қорытындының логикалық байланысы, жұмыстың құрылымдық жүйесі мен мәтін тілінің көркемдігі сынды критерийлер бойынша бағаланды. Сарапшылар комиссиясы үш тілдегі, яғни қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тіліндегі жұмыстардың ішіннен сыннан сүрінбей өткен жүйріктерді ғана жеңіске лайық деп тапты.

Келіп түскен жұмыстардың көптігі мен қатысушылардың ерекше белсенділік танытуы – еліміздегі мектеп оқушыларының өз ойын, өзіндік пікірін дәлелдермен, ашық әрі сауатты жеткізе алатынын дәлелдеді. Ойының ұшқырлығымен, тереңдігімен, дәлдігімен, пікірінің өзектілігімен озып шыққан қатысушыларымыз сарапшылар комиссиясының мүшелерін басты сыйлыққа лайық екеніне сендіре білді.

Әр қатысушыға байқауға қызығушылық танытып, жұмысын жолдап, әр түрлі тақырыпта өзіндік көзқарасын жеткізуге тырысқаны үшін алғыс білдіреміз.

Сонымен, тәуелсіз сарапшылар комиссиясының жіті бағалауы мен қызу талқылауынан кейін төмендегі жұмыстар жеңімпаз деп таңдалды:

  • қазақ тілі: «М. Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесін бүгінгі әжелер бейнесімен салыстыра отырып, талдап жазыңыз», Аманбай Махаббат, Ақтөбе қаласы, ФМБ НЗМ, 7-сынып;
  • орыс тілі: «Мое образование – мой капитал», Рожкова Полина, Ақтөбе қаласы, «№1 ОМ» КММ, 11-сынып;
  • ағылшын тілі: «Am I a talant reader?», Шинкарова Елена, Қостанай қаласы ФМБ НЗМ, 11-сынып.

Жеңімпаздарға PocketBook PB616 электронды кітапшасы пошта арқылы жіберіледі. Бұл сыйлық кітап оқуды ыңғайлы әрі қызықты етеді деген сенімдеміз.

Сондай-ақ сарапшылар комиссиясы 10 үздік жұмысты да анықтады:

  • Буханова Інжу, «М. Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесін бүгінгі әжелер бейнесімен салыстыра отырып, талдап жазыңыз», Астана қаласы, «№8 ЖББМ» КММ, 11-сынып;
  • Жақсылықова Аружан, «С. Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі адамға қажет қасиеттерді қалай талдап көрсетуге болады?», Алматы облысы, Есік қаласы, Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі, 4-курс;
  • Зинелов Жангерей, «М. Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесін бүгінгі әжелер бейнесімен салыстыра отырып, талдап жазыңыз», Қызылорда қаласы, ХББ НЗМ, 9-сынып;
  • Малащук Юлия, «Размышления, вызванные книгой, картиной», Қостанай облысы, Жітіқара қаласы, «Гимназия» КММ, 11-сынып;
  • Ткаченко Оксана, «Личность начинается с любви», Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Дарьинск ауылы, «Дарьинск ЖОББМ», 11-сынып;
  • Мамешова Ақерке, «Что такое для меня победа?», Алматы қаласы, «№124 ЖББМ» КММ, 10-сынып;
  • Тен Александра, «Всегда ли молчание – знак согласия?», Тараз қаласы, «№40 гимназия» КММ, 10-сынып;
  • Лазарева Анна, «What is victory for me?», Қарағанды қаласы, ХББ НЗМ, 8-сынып;
  • Амангелді Дияр, «My education is my capital», Павлодар қаласы, «Жас дарын мамандандырылған мектебі», 8-сынып;
  • Семенов Вадим, «Man and nature – part and whole», Тараз қаласы, «А.С. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназия» КММ, 6-сынып.

Аталған жұмыс авторларына байқауға қатысқандары үшін сертификаттар беріледі. Естеріңізге сала кетейік, байқауда жеңіске жете алмағанымен, жазу стилімен ерекшеленген жұмыстар itest.kz сайтының Эссе бөлімінде жарияланатын болады.

Жаңалықтарымызды жіберіп алмау үшін Блог бөлімін оқи жүріңіздер.

Жеңімпаздарды тағы да құттықтаймыз! Барлық қатысушыға сәттілік тілей отырып, жуырда «Жобалық жұмыс» байқауының басталатынын хабарлаймыз! Қызықты тақырып таңдап, оның моделін жасап, зерттеу жүргізіңіз де, ғылымда жаңалық ашуға ұмтылыңыз!

2993