Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Блог

13-02
2018
Шағын жинақты мектептерде BilimBook құрылғысының қолданылуы

2017 жылы 4 қазанда жарияланған блогта https://bilimland.kz/kk/news-articles/articles/bilimbook-oqytu-qurylhysy-barshaha-qolzhetimdi-sapaly-bilim айтып өткеніміздей, Bilim Media Group компаниясы өткен жылы күз айларында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында шағын жинақты мектептерде Bilimbook дербес оқыту планшет-компьютерлері және проектор, интерактивті тақтамен жабдықталған кабинеттер ашты.

Бұл мектептердің мұғалімдері 5 ай бойы математика, физика, тарих, биология, химия пәндерінде және сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шараларға дайындықтарда берілген құрылғыны белсенді қолданды. Оқушылар болса шағын жинақты мектептерде оқытуды дербестендіруге сәйкес сыныпта және сыныптан тыс уақытта өз беттерінше білім ала алды.

Пилоттық жоба іске қосылған шағын жинақты мектептердің бірінде, нақтырақ айтсақ Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Айыртау ауылында 9 ақпанда «BilimBook оқыту контенті арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру» тақырыбында аймақтық семинар  өтті. Семинарға аудан мектептерінің өкілдері шақырылды. Ал Айыртау мектебінің мұғалімдері математика және биология пәндерінен ашық сабақ және ҰБТ-ға дайындықта қолданылатын виртуалды жаттықтырғыш itest.kz-ті пайдалану бойынша шеберлік сағатын өткізді. Мұғалімдер мен оқушылар BilimBook планшет-компьютерлерін жетік қолдана алатындықтарын көрсетті.

10 ақпанда Павлодар облысы Успен ауылының №3 орта мектебінде ауданның 10-11 сынып оқушыларының iTest жаттықтырғышын қолдану арқылы өтетін тест жұмыстарына рейд жүргізілді. Жоғары сынып оқушылары iTest платформасын белсенді қолданып, негізгі және бейіндік пәндер бойынша сынама тест жұмыстарын тапсырды.

Шағын жинақты мектептерде BilimBook құрылғысын енгізу және оқытуда белсенді пайдалану оң нәтиже көрсетті. Оқу процесінде мұғалімдердің жаңа педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді қолдануы арқылы білім алушылардың оқуға деген ынтасы арта түсті. Ұстаздар, оқушылар және мектеп әкімшілігі бұл құрылғы оқыту процесін тартымды әрі интерактивті жасайды деп есептейді. Және инновациялық оқыту формасына өтуге жағдай жасап, ауыл және қала оқушыларының арасындағы цифрлық теңсіздікті жоюға көмектесетініне сенімді.

29553