Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Блог

29-01
2018
«Жаңашыл мұғалім-2018» байқауының бірінші кезеңінің аяқталуы

«Жаңашыл мұғалім-2018» байқауына төрт аталым бойынша жұмыстар қабылданды:

  • сабақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
  • тәрбие жұмысындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қорытынды аттестаттау немесе ҰБТ-ға дайындықта қолдану;
  • шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Байқауға «Сабақтағы АКТ» аталымы бойынша жұмыстар көптеп жолданды. Мұғалімдер сабақтарында bilimland.kz білім беру платформасының бірнеше ресурсын сәтті үйлестіріп, шығармашылық шеберліктерін байқатты. Қабылданған барлық жұмыстар тәуелсіз сараптама комиссия мүшелерінің іріктеуінен өтеді.

Байқаудың екінші кезеңіне өткен жұмыстар 18 ақпанға дейін анықталып, қорытынды bilimland.kz сайтында жарияланады. Жаңалықтарымыздан қағыс қалмаңыздар!

219197