Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Блог

30-11
2017
Жаңашыл мұғалім-2018

Жыл сайын bilimland.kz сайты ұйымдастыратын, жаңашыл мұғалімдердің білімі мен білігі сынға түсетін бұл байқау республика көлемінде танымал болып үлгерді. Байқаудың мақсаты – мұғалімдердің оқытуда АКТ-ны қолдану көрсеткішін арттыру және педагогикалық инновацияларға қолдау көрсету.

Байқау жұмыстары 2017 жылдың 4 желтоқсанынан бастап қабылданады.

Жүлде қоры – 2 000 000 теңге.

Байқау екі кезеңнен тұрады, төрт аталым бойынша жүргізіледі:

  • Сабақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

  • Тәрбие жұмысындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қорытынды аттестаттау немесе ҰБТ-ға дайындықта қолдану;

  • Шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Байқаудың басты шарты – мұғалімдердің оқытуда bilimland.kz ресурстарын АКТ-ның негізгі құралы ретінде пайдалана білуі және шығармашылық әлеуетін танытуы.

Қосымша ақпаратты bilimland.kz сайтынан, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі парақшаларымыздан vk, facebook, instagram оқи аласыздар.

Bilimland.kz білім беру платформасын белсенді пайдаланатын білім және тәрбие беру мекемелерінің барша қызметкерін байқауға қатысуға шақырады!

Биылғы жылдың жаңашыл мұғалімі бәлкім сіз шығарсыз, қатысыңыз, жеңімпаз атаныңыз!

Байқау ережелерімен мұқият танысып шығыңыз

1017640