Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Блог

14-06
2017
Байқаудың қосымша аталымдары

Bilim Media Group компаниясы үшінші мәрте ұйымдастырған «Жаңашыл мұғалім» байқауы сәтті аяқталды. Биылғы байқауға республикамыздың түкпір-түкпірінен үш тілде мыңнан аса жұмыс келіп түсті. Соның ішінде 281 жұмыс іріктеліп, төрт аталым бойынша алты жеңімпаз анықталып, қосымша аталымдар бойынша үш қатысушы марапатталды. Жылдан-жылға байқауға келіп түскен жұмыстардың саны мен сапасы артып отыр. Байқауға қатысқан ұстаздар қауымы шығармашылық ізденістері мен АКТ-ны сабақта тиімді қолдану шеберліктері бойынша бақ сынады.

Байқау жұмыстарын сараптау барысында тәуелсіз сараптама комиссия мүшелері кәсіптік білім беруде АКТ-ны қолдану бағытын да назардан тыс қалдырмады. Кәсіптік білім беруде АКТ-ны қолдану аталымы бойынша Сыздық Әйгерім Мұратқызының жұмысы үздік деп танылды. Кәсіптік білім беру саласында еңбек ететін ұстаз жаңашылдығы және ізденісімен ерекше көзге түсті. Ұстаз сабақты үш тілде жүргізіп, оқытуда АКТ-ны оңтайлы пайдаланды, сабақ берудің жаңашыл әдіс-тәсілдерін шебер меңгергендігін көрсетті.

Екінші қосымша аталым инклюзивті білім беруде АКТ-ны тиімді қолданудағы педагогикалық шеберлігі үшін Қаражанова Гүлсім Буржанқызы мен Ким Ольга Олеговнаның жұмыстары ерекше бағаланды. Тәжірибелі ұстаздар инклюзивті білім беруде bilimland.kz ресуртарын тиімді қолдану тәжірибелерімен бөлісті. Ұстаздар инклюзивті білім беруде bilimland.kz білім беру платформасының «Интерактивті курс» ресурсының аннимациялық және аудио-визуалды материалдары баланың сабақты оңай түсінуіне, жаңа сабақ тақырыбын тез меңгеруіне көмектесетін бірден-бір көмекші құрал екенін дәлелдеп, көрсете білді.

Қосымша аталым жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталып, Bilim Media Group компаниясының ресурстарына оффлайн-қосылу құрылғыларын сыйлыққа алды. Байқауға қатысқан барлық ұстаздарға алғыс білдіре отырып, шығармашылық табыс тілейміз!

 

Сыздық Әйгерім Мұратқызы
Конкурс
Жеңімпаздың видеоүзіндісі

Қарағанды қаласы

Оқу орны: Қарағанды политехникалық колледжі

Пәні: информатика

Сабақ тақырыбы: Домен атауы және Web-сайт

Қаражанова Гүлсім Буржанқызы
Конкурс
Жеңімпаздың видеоүзіндісі

Ақтөбе қаласы

Оқу орны: Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжі

Пән: есту қабілетін дамыту

Сабақ тақырыбы: Мамандықтар

Ким Ольга Олеговна
Конкурс
Жеңімпаздың видеоүзіндісі

Қарағанды қаласы

Мектеп: № 27  жалпы білім беретін орта мектеп

Пәні: Логопедия (сөйлеу қабілетінің жетіспеушілігін түзету)

Жеңімпаздарды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!

10531