Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Блог

2-03
2017
«Жаңашыл мұғалім-2017» байқауының бірінші кезеңінің аяқталуы

Байқауға сабақта және тәрбие жұмыстарында инновациялық технологияларды белсенді қолданатын Қазақстанның барша мұғалімдері қатысты. Жұмыстар мына төрт аталым бойынша қабылданды:

  • Сабақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
  • Тәрбие жұмысындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ҰБТ-ға дайындауда қолдану;
  • Шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Байқаудың бірінші кезеңінің басты шарты Bilimland.kz білім беру платформасының ресурстарын оқу үдерісінде тиімді әрі ұтымды пайдалану болды.

Байқауға қабылданған барлық жұмыстар тәуелсіз сараптама комиссия мүшелеріне өткізілді. Ары қарай жұмыстар қарастырылып, екінші кезеңге өткен қатысушылар электронды пошталарына 12 наурызға дейін хат алады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда және әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда жарияланып тұратын болады.

Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!

6874