Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Блог

12-06
2023
«Сабақтағы заманауи педагогикалық технологиялар» номинациясы
«Сабақтағы заманауи педагогикалық технологиялар» номинациясы»

Сабақтағы заманауи педагогикалық технологиялар мұғалімдерге оқушылар үшін қызықты, интерактивті және тиімді оқу ортасын құруға көмектесетін білім беру процесінің ажырамас бөлігіне айналды. Онлайн платформалар мен қосымшалар да білім беру саласына айтарлықтай әсер етуде. Алайда, қазіргі педагогикалық технологиялар мұғалімнің рөлін аласартпайды, керісінше оны толықтыратынын атап өткен жөн. Мұғалім оқушыларға бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсететін білім беру процесінің негізгі қатысушысы болып табылады.

Биылғы жылы Республикалық «Жаңашыл мұғалім - 2023» байқауында «Сабақтағы заманауи педагогикалық технологиялар» номинациясы бойынша өз жұмыстарында инновация мен шығармашылықтың жоғары деңгейін көрсеткен, екі лайықты жеңімпаз анықталды.

Сарапшылар қатысушылардың педагогикалық шеберлігіне, білім беру ресурстарын және жаңашыл педагогикалық технологияларды қолдануына, сондай-ақ оқушылармен өзара қарым-қатынасына да назар аударды.

Жоғарыда аталған номинация бойынша бірінші жеңімпаз: Алпысова Меруерт Ерланқызының жұмысы туралы қазылар алқасының мүшесі:

“Сабақтың мақсаты мен міндеті сәйкес. Нысаны мен мазмұны, таңдалған әдіс-тәсілдері мақсатқа жетуде тиімді болды. Педагог сабақ құрылымы бойынша нақты түсіндірме беріп, әр тапсырманы нақтылап тұрды. Ресурстарды ұтымды, жүйелі пайдаланды. Оқушылар уәжемесі оқушылардың алған білімін анық көрсетті. Видеотүсірілім сапасы жақсы, педагог пен оқушылар арасында жылылық, жүйелі жұмыс анық көрініп тұр.”.

Алпысова Меруерт Ерлановна

Конкурс4

Облысы, қаласы: Абай облысы, Семей Қ.Ә.,Суық булақ 2.

Мектебі: «№ 48 ОМ» КММ

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 9

Сабақ тақырыбы: "Ғабит Мүсіреповтың "Ұлпан" романындағы Ұлпан бейнесі"

Тілі: қазақ тілінде

Жүлдесі: жеңімпаз дипломы мен 250 000 теңге

 

 

«Сабақтағы заманауи педагогикалық технологиялар» номинациясы бойынша екінші жеңімпаз:

Сейлева Арайлым Тоғайқызы

Құзыретті қазылар алқасы конкурстық жұмыстың әдістемелік мазмұнын, идеяның өзіндік ерекшелігін, цифрлық ресурстарды пайдаланудың өзектілігі мен нәтижелілігін, сондай-ақ жалпы көрнекілігін бағалады.

Сарапшылар атап өткендей, Арайлым Тоғайқызының жұмысы конкурстың барлық талаптарына сәйкес келеді. Әдістемелік тұрғыдан жоғары деңгейде ұйымдастырылған бұл бейне фрагменттен сабақтың кезеңдері анық байқалады. Оқушылар белсенді жұмыс істейді, мұғалім тапсырманың орындалуын нақты қадағалайды. Осы сабақ үзіндісінен Itest, Twig электрондық ресурстарын пайдалану үлгілерін де бақылай аласыздар. Функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмалармен де жұмыс жасалады. Жұмыс барысында мұғалім цифрлық ресурстар мен заманауи педагогикалық әдістерді тиімді пайдаланады. Сонымен қатар, сыныпта қолайлы атмосфера қалыптасқан, сабақ мақсаттарына толық қол жеткізілді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және олардың конкурстық жұмыстары еліміздің әр өңіріндегі педагогтер мен мектептерге шабыт сыйлайды деп үміттенеміз.

Конкурс5

Облысы, қаласы: БҚО, Орал қаласы.

Мектебі: №37 ЖОББМ

Пәні: биология

Сыныбы: 8

Сабақ тақырыбы: «Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы».

Тілі: қазақ тілінде

Жүлдесі: жеңімпаз дипломы мен 250 000 теңге

 

 

1184