Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Блог

24-04
2015
Байқау жеңімпаздарының жұмыстары

Бүгінгі мұғалім үшін АКТ –  технология және ақпараттың қарқынды дамуы кезеңінде баланың тілдік, танымдық коммуникативтік қабілетін дамытуға, мотивациясын арттыруға мүмкіндік беретін, сондай-ақ оқушыларға сабақты тиімді де, заманауи үлгіде қызықты да тартымды етіп өткізудің, сабақ сапасын арттырудың құралы. 

Дегенмен көптеген мұғалімдер үшін осындай ресурстарды табу, оқушылар деңгейі мен қызығушылығына, оқыту стандарты талаптарына сәйкес таңдау жасау, пайдалану жолдары әліге дейін басы ашық мәселе ретінде қалып отыр. Аталған факторлар оқытуға арналған BilimLand.kz әмбебап платформасын жасау барысында толықтай ескерілген. BilimLand.kz – қажетті оқыту материалдарын бір жерге жинақтаған кешен; үштілді бірегей білім беру ресурсы мұғалімдерге оқыту үдерісіне дайындық барысында уақыт үнемдеуге үлкен көмек көрсетеді. 

Сайт, сонымен қатар, өтілген тақырыпты пысықтау, бекіту, қорыту және тексеру үшін оқыту ресурстарын түрлі үлгіде түрлендіріп, жинақтауға мүмкіндік береді.

«Жаңашыл мұғалім» байқауы жеңімпаздарының жұмыстары жоғарыда айтылған жайттардың жарқын мысалы бола алады. BilimLand.kz сайты онлайн ресурстарын сабақта қолдану бойынша байқау осы жылдың 10 наурызы мен 10 сәуірі аралығында өткізіліп, қорытындысы 20 сәуірде жарияланған болатын. 

Бүгін біз блогымыз арқылы білім беру ресурстары құрамдастыра пайдаланылып,  өзгеше бір шешімге ие болған бірегей сабақ үлгілерін ұсынамыз.

Номинациясы:  Орыс тіліндегі үздік сабақ жоспары
BilimLand, Kozhabekova Indira Abdikadirovna, Teacher Inovator Contest
Кожабекова Индира Абдыкадыровна
(Астана ХББ НЗМ ДББҰ)
Пән:
Химия
Сынып:
7
Тақырып:
Кіріспе. Химиялық элементтердің Периодтық жүйесі. Ашылу тарихы.
Ресурстар:
Twig-Bilim.kz, BilimLand.kz
Көрсету
Номинациясы:  Лучшая презентация
BilimLand, Musaeva Zhuldyz, Teacher Inovator Contest, Учитель Новатор
Мусаева Жұлдыз Зейнуллақызы
(Ақтөбе ФМБ НЗМ ДББҰ )
Пән:
Физика
Сынып:
9
Тақырып:
Толқындық қозғалыс. Көлденең және қума толқындар.
Ресурстар:
Twig-Bilim.kz, BilimLand.kz
Көрсету

 

Жаңашыл мұғалімдер өз жұмыстарымен сабақта ақпараттық технологияларды қолдану өзектілігін білдіріп, оқыту үдерісін ұйымдастыру барысында BilimLand.kz сайты ресурстарын түрліше түрлендіру мүмкіндіктерін көрсетіп, жоғары кәсібилік пен шығармашылық тәсілдерін танытады.


Татьяна Альбертовна Сарсенова

BilimLand.kz онлайн ресурстарының координаторы

 

4878