Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Блог

3-03
2022
«Жаңашыл мұғалім 2021–2022» байқауының екінші кезеңі басталды!

Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша, 914 педагог екінші кезеңге жолдама алды.

Екінші кезеңге өткен қатысушылар:

  1. байқау жұмысын таныстыратын видео түсіріп, оны өзінің Youtube арнасында жариялауы;
  2. осы видеоның сілтемесін bilimustaz.kz сайтына тіркеуі қажет.

1 және 2-кезеңдерге қатысатын жұмыстар бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін. Бұл ретте бірінші кезеңде таңдалған аталымды өзгертуге болмайды. Бірінші кезеңде жұмыстарға қойылған талаптар екінші кезең үшін де өзекті боп қала береді..

Екінші кезеңге жұмыстарды қабылдау 2022 жылғы 30 сәуірге дейін жалғасады.

Жолдаған видеолары байқау талаптарына сай болған жағдайда, екінші кезеңге қатысушылардың бәрі «BilimLand» компаниясы беретін байқау финалистерінің электрондық сертификаттарына ие болады.

Еске сала кетейік, «Жаңашыл мұғалім 2021–2022» байқауының жүлде қоры – 2 000 000 теңге.

Байқаудың қорытындысы 2022 жылғы 25 мамырда bilimland.kz, bilimustaz.kz порталдарында және әлеуметтік желілерде жарияланады.

Біз байқауға қатысушылардың бәріне шығармашылық табыс тілейміз және бірегей жұмыстарыңызды күтеміз!

Қосымша ақпарат алу үшін: +7 707 944 95 95, nurgul.m@bilimland.com.

2839