Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Блог

17-02
2020
BilimLand платформасы қазақ тілі пәні бойынша сабақтармен толықты

Bilimland.kz сайтының қымбатты қолданушылары!

Біздің Сіздерге айтар керемет жаңалығымыз бар. BilimLand-те қазақ тілінде білім бермейтін мектептердің 9 сыныбына арналған қазақ тілі пәні бойынша толық курс жарияланды. Қазақ тілі пәні бойынша бұл соңғы сынып болып табылады. Платформада қазақ тілі пәні бойынша 2-9 сыныптарға арналған сабақтардың барлығы бар. 

Курс 13 бөлімнен тұрады:

Қазақ жазуының дамуы;

Жолың болсын, жолаушы;

Көшпенділер мәдениеті. Қазақтың халық күнтізбесі;

Заң – қоғамның тірегі;

ҚР Тұңғыш Президент күні – Тәуелсіз Қазақстанның айбынды мейрамы;

Жастар және БАҚ;

ЭКСПО-2017 Қазақстан белестері;

Биотехнология жаңалықтары;

Болашақ энергия көздері;

Алаш идеясы мен қайраткерлері;

Жаһандық мәселе: демография;

Роботтар мен киборгтар әлемі;

Қазақстандағы туризм және экотуризм.

Оқушылар қазақ тілі пәні бойынша өз білімін кеңейтіп, өздеріне қажетті жаңа ақпарат ала алады деген сенімдеміз. Сәттілік!

 

2052