Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша
ҰБТ тапсыру

Блог

4-10
2019
«Ónege» айдарының алғашқы саны Ұстаздар күні мерекесіне арналады

«Ónege» – Bilimland.kz сайтында жаңадан іске қосылған жоба. Аталмыш айдарда қызметін адал атқарып, кәсібін нәсіп етіп қана жүрген адамдар туралы емес, мансабын азаматтық парызы ретінде қоятын тұлғалар туралы баяндалатын болады.

Жоба мақсаты – ұлағатты адамдардың жарқын үлгісі арқылы өскелең ұрпаққа өнегелі үлгі көрсету. Себебі «Өнеге» сөзінің өзі тәлім-тәрбие, адамгершілік пен парасаттылық сияқты асыл қасиеттерді бейнелейді. Жаңа айдардың алғашқы саны «Ұстаздар күні» мерекесіне арналып отыр.

«Өнеге» айдарының алғашқы кейіпкерінің есімі - Асимжан Хаппузов. Ол талай жылдан бері ұстаздық етіп келеді. Алайда қатардағы білім беру саласындағы әріптестерінен оның тағдыры ерекше...

- Бақыттың кілті өзімізде... өзіміздің көзқарасымызда, білімде... Бақыттың кілтін дұрыс қолдана алсақ, бақыттың есігі бізден ешқайда қашпайды деп ойлаймын.

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы Шонжы ауылының тумасы жарық дүние есігін аман-сау ашады. Алайда 3 жасында болған келеңсіздік, бүлдіршіннің өмірін күрт өзгертті. 7 жыл бойы ауруханалардың табалдырығын тоздырған, арпалыспен өткен күрес нәтижесіз аяқталды.

- Армандарым өте көп. Негізгісі – балаларымды өсіріп-жеткізсем, оқушыларыма жақсы тәрбие берсем деймін. Армандарды айта беруге болмайды дейді...

Қос жанарынан айырылған жеткіншек 10 жасында бірінші рет партаға отырды. 12 жыл білім нәрін сусындап, оқуында озат, қатарының алды бола білді. Негізгі сабақтармен қатар, музыкаға деген қызығушылық танытады. Мектеп қабырғасында жүріп, бірнеше аспапта ойнау шеберлегін де игерді.

- Мен заңгер болуды армандағанмын. Заңгерлікке тест те тапсырғанмын. Өте алмай, 1 жыл босқа кетті. Бірақ бұл уақытты маған ойлану үшін берген шығар? Қолымнан келетіні – музыка. Психология да жаныма жақын. Ұстаздық маған жақын екенін түсіндім. Өз еркіммен педагогиканы таңдадым. Қазір өкінбеймін!

Алматыдағы П.Чайковский атындағы музыкалық колледжін аяқтап, Тараздағы Педагогика Институтында оқып жүріп, өзі білім алған Н. Островский атындағы зағиптар және көздері нашар көретін балаларға арналған №4 арнайы мектеп-интернатында қызмет істей бастады. Содан бері ұстаздықтың адал жолында 18 жыл өтті.

13803