Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Блог

26-09
2019
«Шаян толы шелек» теориясы

Сrab bucket theory немесе «шаян толы шелек» теориясы жайында естігеніңіз бар ма? Бір ауыз сөзбен айтқанда, шаяндар – тым ақымақ тіршілік иелері. Шаян өздігінен оңайлықпен шелектен шығып кете алады. Алайда, шелекте бірнеше шаян болса, бірі сыртқа шығуға әрекет еткенде қалғандары жабысып, кері тартады.

Осылайша «шаян менталитеті» термині өзімшіл, ақылы таяз, «менде болмаса, ешкімде болмасын» деген ұстаныммен өмір сүретін адамды сипаттауда қолданылады.

Адам қандай да бір жағымсыз әдетінен арылуға әрекет істегенде «қолыңнан келмейді» деп кері тарту – «шаян толы шелек» болып саналады. Сіз екінші жоғарғы білім алғанда, әріптестеріңіз таңырқап, «оның не керегі бар?», «онсыз да жұмыста шаршап жүрсің» десе – ол да «шаян толы шелек». Егер ата-ана баласына «ақымақсың», «қолыңнан түк те келмейді», «дарынсыз», «жүрген жеріңе шөп шықпас» деген сияқты сөздер айтатын болса, ол да «шаян толы шелек».

Өкінішке орай, кей адамның табиғаты сондай. Бұған қолданарға шара жоқ. Дегенмен, жалғыз шешім – жүз адам кері тартса да, алға қарай ұмтылу.   

4998