Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Блог

9-08
2019
Өтпелі кезең. Не істеу керек?

Заманауи ата-аналар баласының болашағы үшін жұмыс істейді. Сәйкесінше, баладан да белгілі бір тәртіппен өмір сүруін, жақсы баға алуын, дүниетанымының кең болуын талап етеді. «Мұның бәрі оған қажетті білім алуға, қоғамдағы тиісті орнын табуға көмектеседі» деген сенімде олар. Дәл осы тұста ата-ана мен бала арасындағы түсініспеушілік пайда болады. Мәселен, бала оқығысы келмейді, ал ата-ана оған әсер етудің барлық амал-тәсілін іздей бастайды.

Ересектер үшін бәрі анық: жақсы оқу керек, мұғалімдер мен ата-ананы тыңдау керек, көп кітап оқу керек, айтылған сөзде тұру керек, алдамау керек...

Өтпелі кезеңдегі балалар көп күдіктенеді, бүлікшіл келеді. Бірнеше буын арасындағы ежелгі дау осы. Солай болған, бола береді де...

Қайтпек керек?

Күту

Бір кездері балалар сәби болды. Кішкентай ғана аяқтарымен енді тұрып, бірінші қадам жасады. Жүруді үйренді. Ал енді олар ересек болуды үйренуде, үлкен өмірге енді ғана қадам жасауда. Және де қайтадан, бұрынғыдай құлап, жарақаттанады, жылайды. Сол кезде сәбиге қарап отырып ата-ана «бұл мезгіл де өтіп кетеді» деп ойлайды. Барлық сәбилер әйтеуір бір күні өз бетінше жүріп кетеді емес, пе? Сол сияқты өтпелі кезең де бір күні «өтіп кетеді». Бұл – уақытша құбылыс.

Сырттан бақылау

Бұл мезгілдегі ата-ананың міндеті – бақылап, мейлінше араласпау немесе баланың өтініші бойынша ғана араласу. Ата-ана барлығын қадағалап немесе басқарып отырғысы келеді. Бұл сезіммен күресу де оңай емес. Баланы еркіне жіберу өте қиын. Бала өсіп, жеке тұлға болатынын ата-ана жақсы түсінеді. Ол ересек адамға айналуда. Бұл жағдайды қабылдау – оңай емес, әрине.

Сену

Баланың барлық шаруаларын біліп, қолдап, дер кезінде көмекке келу үшін бала мен ата-ана арасында сенімділік болуы керек. Сенімділік пен шынайылық – адам қарым-қатынасының негізі.

Алайда, баланың өміріне араласа беру, үнемі кеңес беріп немесе ұдайы қадағалау арқылы сенімділікті оңай жойып жіберуге болады. Өтпелі кезеңдегі балаға кейде тек қана ойындағысын айтып, ішкі күйзелісін сыртқа шығару маңызды. Ал ересектер мұны өз ойымен толықтырғысы келеді, өз қалауын орындағысы келеді. Ал бала таудай нұсқаулықтар алғаннан кейін бұдан былай ешкімге ешнәрсе айтқысы келмей, тұйықталып қалады.

Бұл мезгіл тек қана ата-анаға ғана емес, балаға күрделі кезең. Сол себепті де ол бар уайымын бүлікшілдікпен, агрессиямен жасырады.  

3668