Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша
ҰБТ тапсыру

Блог

16-07
2019
Жаңа серіктестік

Білім алу – сан қилы әрекет түрін қамтитын аса күрделі әрі үздіксіз процесс. Оған қатысатын әр адамның өз қабілеті, өз ырғағы мен талғамы бар. Сондықтан да білім алу әр адам үшін ерекше процесс. Ал білім беру саласының қазіргі мақсаты – мемлекет пен қоғамның, сонымен қатар тұлғаның ең өзекті қажеттіліктерін қамтып, заманауи білім беруді сапалы ету.

Қазақстандағы электронды оқыту нарығын дамытушы инновациялық bilimland.kz компаниясы және bilim–all.kz ақпараттық – танымдық порталы өзара серіктес болды. Еліміздегі танымал білім беру порталдарының бірлесе жұмыс істеуінің басты мақсаты – заман талабына сай білім алуға көмек беру. Себебі, заманауи адамның өмірі – үздіксіз білім алумен тікелей байланысты.

bilimland.kz білім беруге қажетті контентті жасаумен және соған қатысты технологиялар мен қызметтерді таратумен айналысатын инновациялық IT компания. Бұл қызметтерді тұтынушылар арасында Қазақстанның барлық мемлекеттік мектептері, жеке білім беретін мектептер және еліміздегі жетекші оқу орындары бар. 

bilim–all.kz – ақпараттық танымдық портал. Аталған сайтта ақын-жазушылардың әдеби шығармалары, ұлағатты сөздер мен аңыз-әңгімелермен танысып, халқымыздың сан ғасырлық салт-дәстүрінен хабардар боласыздар. Білім беруді басты назарда ұстаған сайттың арнайы ұстаздар мен оқушыларға арналған бөлімдері тағы бар. Сондай-ақ адамды білім-ғылымға, дамуға ынталандыратын психология, педагогика, тарих, жаратылыстану ғылымдарына қатысты танымдық мәліметтерге де қол жеткізуге болады.

Бұл сайттар ақпаратты саналы түрде қолданып, қоғамдағы өз орнын, уақытын бағалайтын, үздіксіз білім алып және білім беретін жандарға арналған. bilimland.kz және bilim–all.kz порталдарымен бірге өзіңізге қажетті білім алыңыз!  

62