Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Блог

7-06
2019
«Сабақтағы АКТ» аталымы бойынша «Жаңашыл мұғалім» байқауына қатысқан педагогтер арасынан бірдей екі ұстаздың маңдайы жарқырады!

Заманауи білім беру жүйесінде мұғалімдерге қойылатын талаптың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Себебі АКТ-ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ-ның дамыған кезеңінде заманға сай білім беру үшін Bilim Media Group компаниясы білім беруді ақпараттандыру және оны дамытып, әрлендіру жолында еңбек етіп, баршаға қолжетімді, сапалы білімнің шыңына жетуді мақсат етеді. Қазіргі кезде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру, оның ішінде BilimLand ресурстарын қолдану ұстаздардың тиімді тәсілдерді сабағына кірістіріп қана қоймай, өз біліктілігін өзі үшін дәлелдеп, бағындырар белесіне айналды. Осы орайда дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін «Жаңашыл мұғалім» байқауы Қазақстан педагогтерінің АКТ-құзыреттілігін арттырып, мадақтап әрі ынталандырып, мұғалімдердің әлеуметтік және кәсіби беделін көтеру жолында зор қызмет атқарып келеді.

Баршамыздың қуанышымызға орай жаңашыл мұғалім болуға ұмтылып, байқауға атсалысқандар саны жыл санап артып келе жатыр. Ең маңыздысы – 4 аталымның ішіндегі «Сабақтағы АКТ» бойынша қатысқан мұғалім санының үлес салмағы өзгесіне қарағанда әлдеқайда артық. Бұл еліміздегі ұстаздардың АКТ біліктілігі уақыт өте артып келе жатқанының айқын дәлелі. Осы жылы бірінші кезеңге келіп түскен 1618 жұмыстың 1396-сы «Сабақтағы АКТ» аталымы бойынша әзірленген. 560-тан аса қатысушы 2-кезеңге өткен. Бәсекеге қабілетті, айтары бар, білім беру саласына өзінің қолтаңбасын қалдырам дейтін ұстаздардың ерекше жұмыстарын көріп қуандық, шын үздікті таңдауға барымызды салдық, тырыстық.

Әрине, жарыс бар жерде жеңіс бар. 500-ден астам қатысушының арасынан ең үздігін таңдау оңай болған жоқ. Тәуелсіз сарапшылардан құралған Әділқазылар алқасы бір ай бойы байқауға түскен жұмыстарды саралап, бағалап, өзгешелігімен, шеберлігімен көзге түскен екі мұғалімді қатар таңдап, бәйгеге тігілген жүлдені бөліп беру жайлы шешім қабылдады. Екі жеңімпаз да астанамыз Нұр-Сұлтан қаласынан болып отыр. Жеңімпаздардың қуанышына ортақтасып, байқау жүлдесін арнайы табыстап, марапаттау үшін Bilim Media Group компаниясының арнайы өкілдері екіге бөлінді. Жеңімпаздарымызды құттықтау 25 мамыр және 1 маусым күндері соңғы қоңырау аясында ұйымдастырылған салтанатты жиында өтті. Сонымен қос жеңімпаздың бірі:

АБДРАШИТОВА ЖАНСАЯ ЕРМЕКҚЫЗЫ
Конкурс2
Облыс, қала: Нұр-Сұлтан
Мектеп: НЗМ ХБ
Пән: Дүниежүзі тарихы
 
Сынып: 7
Сабақ тақырыбы: How did the industrial revolution change the world?
Жұмыс тілі: Ағылшын
Жүлде: Жеңімпаз дипломы және 250 000 теңге
 
 
 

Қазылардың ойынша, Жансая Ермекқызының 2-кезеңдегі жұмысында өзін таныстыруы ұтымды ойластырылған. Эффектілер, бейне, дыбыс, бәрі үйлесім тапқан. Мұғалімнің сабақты бастан-аяқ ағылшын тілінде еркін өтуі, оқушылармен қарым-қатынастың еш кедергісіз ағылшын тілінде жүруі сапалы білім алу мен тіл үйренудің мүмкін және керек екенін дәлелдеп берді. Мұғалім сыныпты 4 топқа бөліп, әр топ өздігінше тапсырмалармен айналысқан. Бұл тәсілді ұстаз өте оңтайлы пайдалана білген. Жұмыста BilimLand ресурстарына баса назар аударылған. Ұйымдастырушылар жеңімпаздың Twig платформасын тиімді қолданғанын жоғары бағалады. Осылайша қажырлы еңбегінің арқасында Абдрашитова Жансая Ермекқызы үздік атанды.

Байқауымыздың екінші жеңімпазы:

БАТЫР ЖӘНІБЕК
Конкурс2
Облыс, қала: Нұр-Сұлтан
Мектеп: «№83 мектеп-гимназия» КММ
Пән: Физика
 
Сынып: 7
Сабақ тақырыбы: Иіндіктің тепе-теңдік шарты
Жұмыс тілі: Қазақ
Жүлде: Жеңімпаз дипломы және 250 000 теңге
 
 
 
 

 

«Сабақтағы АКТ» аталымының екінші жеңімпазы Батыр Жәнібектің де жұмысы өзіндік ізденісімен ерекшеленді. Жеңімпазымыздың жұмысын өте жоғары бағалаған «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының аға сарапшысы Мамасерікова Шынар Ерғалиқызы: «Мұғалімнің дайындық деңгейі, өзін ұстауы, сабақты баяндауы, дауыс ырғағы, мәнері жағымды. Оқушылардың сабақтағы белсенділігі, қабілеттері жақсы. Мұғалім АКТ құралын сабақтың басынан аяғына дейін қолданды. Үй тапсырмасын kanot d арқылы тексеріп, қалай орындағанын жеке-жеке тақтаға бірден шығарды, сабақ қорытындысын QR арқылы берді, кері байланыс алды. Видеоматериалды, бейнетапсырмаларды қолданды. Осы арқылы мұғалім сабақтағы уақытын үнемді пайдаланды. Мұғалімнен де, оқушылардан да Bilim Media Group материалдарын үздіксіз қолданатыны бірден байқалады. Интерактивті сабақтың барлық мүмкіншіліктерін оқушылары еркін пайдалана алады. Қорыта келе, сабақ басынан аяғына дейін өте жақсы ұйымдастырылған», – деген ризашылығын білдірді.

Қатысушыларға алғыс айта отырып, педагогтерді тағы бір мәрте құттықтаймыз!
Ұстаз мерейін бірге көтерейік!

9267