Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша
ҰБТ тапсыру

Блог

21-05
2019
«iTest: Үздік нәтиже» байқауының екінші кезеңінің қорытындысы

Құрметті сайт қолданушылары! 9, 10, 11-сынып оқушыларына арналған «iTest: Үздік нәтиже» республикалық әлеуметтік-білім беру байқауының үшінші кезеңі itest.kz платформасында 20 маусымға дейін жалғасады. Республикамызда тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған байқауға қатысу толығымен ТЕГІН!

Байқаудың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша ең жоғарғы нәтиже – Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Бәйдібек ата ауылы, «Алмалы» жалпы білім беретін орта мектептің 11-сынып оқушысы Әлібек Жеңіс Сақыбекұлы ең жоғарғы нәтиже – 139 балл жинап, жеңімпаз атанды. Байқау ҰБТ-сында Жеңіс балл саны бірдей қатысушылармен салыстырғанда сынақты уақыт жағынан жылдамырақ орындады. Бұл оның көш басына шығып, жеңімпаз атануын қамтамасыз етті.

Байқаудың соңғы кезеңі 21 мамырдан басталып, 20 маусымға дейін жалғасады. Айтып өтейік, байқаудың бірінші және екінші кезеңіне үлгермей қалған қатысушылар үшінші кезеңіне қатыса алады, осылайша басты сыйлығымыз – тегін грантты ұтып алуға мүмкіндіктері бар.

Қатысушылар үшін басты сый еліміздің үздік жоғарғы университеттерінің бірі – Алматы Менеджмент Университеті ұсынған кез келген мамандыққа 10 оқу гранты (тек 11-сынып оқушыларына қатысты) болып отыр. Мамандықтар тізімі itest.kz сайтында көрсетілген. Одан бөлек, қатысушыларға арналған түрлі бағалы сыйлықтар да ойнатылады. Байқау бойынша үздік нәтиже көрсеткен ТОП-50 оқушы бағалы сыйлықтарға ие болады.

20 маусымға дейін «iTest: Үздік нәтиже» байқауына қатыс та, басты жүлде –  грант ұтып алу мүмкіндігін жіберіп алма!

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

itest.kz

653