Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Блог

21-05
2019
Жобалық жұмыс 2019 – жұмыстарды қабылдау аяқталды

2019 жылы 20 мамыр күні Жобалық жұмыс республикалық байқауына жұмыстар қабылдау ресми түрде мәресіне жетті.

Жұмыстар қабылдау 1 наурыздан бастап 20 мамырға дейін шамамен 3 айға созылды. Ендігі кезекте сарапшылар комиссиясы барлық жұмысты бір ай уақыт ішінде бағалап, қорытынды шығарып, нәтижесіне қарай 2 аталым бойынша жеңімпаздарды анықтауға тырысады.

  • Кіші топ: 1–7 сыныптар аралығындағы оқушылардан құралған топ;
  • Жоғарғы топ: 8–12 сыныптар аралығындағы оқушылардан немесе арнайы орта білім беретін мекемелердің 1-2 курс студенттерінен құралған топ.

Байқау қорытындысы 01.07.2019 жылы bilimland.kz порталында және әлеуметтік желідегі парақшаларымызда жарияланатын болады. Байқау жеңімпаздарын  марапаттау мен қатысушыларға сертификат табыстау қашықтықтан жүргізіледі (электронды поштаға тарату).

Естеріңізге саламыз, сарапшылар комиссиясының пікірінше таңдалған 30 үздік жоба үйлестірушілері алғысхатқа ие болады, ал оқушылар байқауға қатысқаны жайлы сертификат алады.

Сайтымызда Алғысхат табысталатын қатысушылардың тізімі жарияланады.

Белсенділік пен қызығушылық танытқаны үшін қатысушыларға алғыс айтып, баршаңызға сәттілік тілейміз!

3055