Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Блог

29-04
2019
«Жаңашыл мұғалім» байқауының 2-кезеңіне жұмыстар қабылдау аяқталды

2019 жылдың 29 сәуірінде «Жаңашыл мұғалім» республикалық байқауының 2-кезеңіне жұмыстар қабылдау ресми түрде өз мәресіне жетті.

Сабақтың видеосын жолдап үлгерген қатысушылардан 500-ге жуық жұмыс келіп түсті. Алдағы бір ай уақыт ішінде сарапшыларымыз келіп түскен жұмыстарды бағалайды, содан қазылардың берген бағасына қарай 4 аталым бойынша жеңімпаздар анықталады. Олар:

  • Сабақтағы АКТ;
  • Тәрбие сағатындағы АКТ;
  • АКТ-ны Қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындықта қолдану;
  • Шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) АКТ.

2019 жылы 25 мамырда байқау қорытындыланып, нәтижесі www.bilimland.kz порталында және әлеуметтік желідегі парақшаларымызда жарияланады. Жеңімпаздар байқаудың талаптарына сәйкес дәстүрлі түрде оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиында марапатталады.

Еске саламыз, Алғысхаттарды екінші кезеңге өтіп, байқау талаптарына сәйкес жұмыс жолдаған қатысушылар алады. Марапатқа ие болған қатысушылар тізімі сайтымызда жарияланады.

Белсенділік пен қызығушылық танытқан қатысушыларға алғыс айтып,

баршаңызға сәттілік тілейміз!

15769