Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Блог

20-03
2019
«Жаңашыл мұғалім – 2019» байқауының 2-кезеңі – видеоларыңызды күтеміз!

2019 жылдың 26 сәуіріне дейін жалғасатын «Жаңашыл мұғалім – 2019» байқауының екінші кезеңі басталды.

Екінші кезеңге өткен қатысушылар таңдалған аталым бойынша (аталымды ауыстыруға болмайды) видео форматындағы жұмыстарын жолдауы тиіс. Егер 1-кезеңдегі сабақ жоспары мен 2-ші кезеңге жіберген видео әртүрлі сабақ жоспарына жазылған болса, онда екінші кезең жұмысын жүктер кезде Word форматында қосымша қоса кету керек.

Бірінші кезеңдегі қойылған талаптар екінші кезеңде де өзекті боп қалады.

Екінші кезеңге өтіп, байқау талаптарына сәйкес жұмыс жолдаған қатысушылардың барлығы Bilim Media Group компаниясынан Алғысхат алады.

2-кезеңге өткен қатысушылар тізімін көру

Қандай жұмыстар байқау талаптарына сай деп есептеледі?

2-кезеңнің видео жұмысы материалдың мазмұны мен негізгі техникалық сипаттама бойынша бағаланады:

  • Түсірілімнің сапасы (түсірілім кезінде камераның бейненің анық болмағаны дұрыс емес).
  • Дыбыс сапасы (дыбыс жазу құрылғыңыз дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз; сапаны жақсарту үшін дыбысты жеке жабдыққа жазып, видеоны монтаждау ұсынылады).
  • АКТ пайдалануды көрсету (видео сабақ жоспарына сәйкес келуі керек, сабақ кезінде цифрлық ресурстарды пайдалану көрсетілу қажет).

Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс тілеп, ерекше жұмыстарыңызды күтеміз!

2-кезеңге қатысу

10671