Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Зат есімнің жұрнақтары / Suffixes of noun

Конспект

Ағылшын тілінде сөзжасамның бірнеше түрі бар.

1.Ешқандай өзгеріссіз жасалатын сөздер. Олар айтылуында да, жазылуында да зат есім және етістік, сын есім және етістік бола алады.

Мысалы: answer - жауап, to answer - жауап беру, dirty - кір, лас, to dirty – кірлету, free - бос, to free - босату, walk - серуен, to walk - серуендеу.

2.Екпіннің өзгеруінің көмегімен жасалатын сөзжасамдар бар.

Мысалы: ‘transport - көлік, to trans’port - тасу, ‘import - импорт, to im’port – импорттау.

3.Әріптің өзгеруінің көмегімен жасалатын сөздер.

Мысалы: woman – women, advice – advise, proof – prove.

4.Жұрнақтар мен префикстердің көмегімен жасалатын сөздер бар.

Префикстер сөздің басында, ал суффикстер сөздің соңында келеді.Суффикстер бір сөз табынан екінші сөз табын жасай алады.

Зат есімнің бірнеше жұрнақтары бар. – ability, - ibility: possibility, - age: passage, - al: arrival, -ance, - ence: importance, difference, - dom: freedom, - ee, -er, -or: teacher, doctor, - hood: childhood, - ian: historian, - ion, - ation, - tion, - sion, - ssion: collection, production, submission, - ism: tourism, - ist: artist, terrorist, - ment: agreement, government, - ness: oldness, darkness, - our: colour, - ship: friendship, - th: depth, - ty: safety, -ure, ture: creature, departure, mixture.

Ағылшын тілінде зат есім сияқты сын есімнен зат есім тудыратын жұрнақтар бар. Мысалы : сын есім жұрнақтары - ance, - ence, -ant, - ent, important - маңызды, importance маңыздылық, - dom, wise – данышпан , wisdom - даналық, - ness, dark - қараңғы, darkness,- қараңғылық - ty, active - белсенді, белсенділік – activity.



Сұрақтар
  1. Етістіктен жасалған зат есімді табыңыз.
  2. Жұрнақтың көмегімен зат есім жаса. employ
  3. Жұрнақтың көмегімен зат есім жаса. invent
  4. Жұрнақтың көмегімен зат есім жаса. Leader
  5. Жұрнақтың көмегімен зат есім жаса. translate
  6. Зат есім жасайтын жұрнақ.
  7. Зат есім жұрнағын көрсет.
  8. Зат есім тудырушы жұрнақ.
  9. Зат есімді тап.
  10. Сәйкес келетін жұрнақты қой. Child
Қате туралы хабарландыру