Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Reflexive Pronouns / Өздік есімдіктері: түрлері, тұрақты сөз тіркестері

Конспект

Ағылшын тілінде өздік есімдігі толықтауыштың қызметін атқарады, кейде жіктеу есімдіктерімен қабаттасып та келеді. Негізінде өздік есімдіктері етістіктен кейін келеді. I do homework myself.

Үй жұмысын (мен) өзім орындаймын.

Өздік есімдігі жекеше түрде – self жалғауы, ал көпше түрде – selves болып, f- әрпі v-ге өзгеріп және - es жалғану арқылы жасалады.

жақ

Өздік есімдік (+ self )

Өздік есімдік (+ selves)

 

Жекеше түрі Көпше түрі

І

myself

өзім

ourselves

өзіміз

ІІ

yourself

өзің ,өзіңіз

yourselves

өздерің ( +із )

ІІІ

himself herself

itself

өзі

өзі

өзі

themselves

өздері

 

Қазақ тіліне аударғанда – өзім деп зат есім немесе есімдіктің мағынасын кеңейтіп айтылады.

Мысалы: He decorated the room himself. Ол бөлмені өзі әшекейледі.

2.I gave the book to him myself.Оған кітапты мен өзім бердім.

3.He saw himself in the mirror. Ол өзін-өзі айнадан көрді.

Кейбір етістіктердің өздік мағынасы болады.

Be careful! Don’t beat yourself ! Байқа! Соғылып қалма!

Ал енді бұйрық райда «өз» деген сөз ағылшын аудармасында түсіп қалады. Мысалы: Тамақ алыңыз! Help yourself! – дегенде « өз» есімдігі түсіп қалған.

Ағылшын тілінде to feel (өзін сезіну) және to behave (өзін ұстау) етістіктері өздік есімдікте қолданылмайды. Example: I feel good.

Ағылшын тілінде бірнеше етістіктер өздік есімдігін қажет етеді.

Мысалы:to find oneself, to amuse oneself, to hurt oneself, to hide oneself,to cut oneself, to enjoy oneself, to throw oneself, to wash oneself, to shave oneself.



Сұрақтар
  1. Oneself қандай есімдікке жататынын анықта.
  2. Көпше түрде тұрған есімдігі бар сөйлемді көрсетіңіз.
  3. Сөйлемді дұрыс аудар. He wants to do it himself.
  4. Сөйлемді дұрыс аудар. Мұны өзің жаса!
  5. Сөйлемді толықтыр. The dog did it …
  6. Сөйлемді толықтыр. They washed and dressed...
  7. Сөйлемді өздік есімдігімен толықтыр. They have done the task …
  8. Сөйлемді өздік есімдікпен толықтыр. Children do it …
  9. Сөйлемді өздік есімдікпен толықтыр. She doesn’t like to speak about …
  10. Сөйлемді өздік есімдікпен толықтыр. Sometimes I cut my hair …
  11. Қай сөз өздік есімдікпен қолданылмайтынын көрсет.
  12. Қай сөйлемде Yourself есімдігі қойылатынын көрсет.
  13. Өздік есімдіктің жекеше түрін көрсет.
  14. Өздік есімдіктің көпше түрін көрсет.
  15. Өздік есімдіктің сөйлемдегі қызметі. 
Қате туралы хабарландыру