
Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате
Вариант 2
-
Мақала үзіндісіндегі болжалды сан есімдерді анықтаңыз.
Кеңес үкіметінің алып құрылысты дайындықсыз, маман кадрларсыз асығыс жүргізуі сол кезде-ақ зардапты болды. Әрі зерттелініп, әрі темір жол төсемдері де қабаттаса салына бастаған алғашқы сәттерден-ақ жұмыс күшінің, техникалық кадрлардың жоқтығы айқын сезіле бастады. Үкімет шұғыл түрде жұмыс күшін табуды қолға алды. Құрылысқа мыңдаған адамдар келіп, өз өмірлерін Түркісібпен байланыстырған еді.1927 жылдың қазан-желтоқсан айларында құрылыс жұмыстары солтүстік бөлімшеде жүріп жатқан кезде, жол бойында 2000-2700 адам жұмыс істеді. Жаз, күз айларында құрылыс жұмыстары қызған кезде 1928 жылы 10000-нан 21 мың адамға дейін, 1929 жылы 30 мыңнан 40000 адамға, ал 1930 жылы 28 мыңнан 49-50 мың адамға дейін жұмыс істеді.
https://e-history.kz/kz/contents/view/2637
-
Мәтінді оқып, сұхбаттың түрін анықтаңыз.
- Сәуле, тыңдармандарымызға сіздің «Рахат» акционерлік қоғамының қоғамымен жұмыс істеу бөлімінің бас маманы деп таныстыруға рұқсат етіңіз. – Хош келдіңіз!
- Хош келдік! Айнұр, таныстырып өткеніңізге рақмет. –Сәлеметсіздер ме?
- «Рахат» АҚ-ның Қазақстандағы кондитерлік өнім өндіретін ірі өндіріс орындарының бірі екені баршаға мәлім, алайда алғашқы өнімдеріңіздің қашан және қалай шығарылғаны туралы айтып берсеңіз.
- «Рахат» АҚ-ның 75-жылдық тарихы бар. Кондитерлік өнімдер алғаш рет 1942 жылы соғыс кезінде Мәскеу мен Харьковтан көшіріліп әкелінген жабдықтармен шығарылды.
- Алғашқы тәттілерді соғыс кезінде таратқан екенсіздер ғой. Сонда сіздер елде қанша адамға жұмыс беріп отырсыздар?
- «Рахатта» 4500-ге жуық адам еңбек етеді.
- Бәрекелді! Міне, Отандық өндіруші деген қандай! Қалай мақтамайсың! Ал бүгінгі таңда тәттінің неше түрін өндірісіңдер?
- Бүгінде біздегі тәттілердің 250-ден аса атауы бар. Сонымен бірге сусамыр ауруынан зардап шегетін адамдарға арнап, арнайы өнім шығаруды игерген Қазақстандағы бірден-бір кәсіпорын.
- Сәуле ханым, ал сіздердің өнімдеріңіз тек өз елімізде ғана сатыла ма? Жоқ әлде шет елге де жеткізесіздер ме?
- Біздің өніміміз отандық нарықпен қоса жақын және алыс шет елдерге де белгілі. Қазіргі кезде республикамыздың шет аймақтарында да – Белорусь, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Германия, Қытай, Ауғанстан, Моңғолия, Ресей елдерінде сатылады.
- Компанияның алға қойған мақсаты бар ма? Ол қандай мақсат?
- Компаниямыз келешекте өндіріс көлемін ұлғайтуды және экспорт көлемін арттыруды және осы арқылы өнімді өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлауда.
-Сәуле, уақытыңызды бөлгеніңіз үшін рақмет. Тыңдармандарымыз маңызды мәліметтер ала алды деп ойлаймын. Еңбегіңізге табыс тілеймін.
- Сізге де рақмет! Жұмысыңызда шығармашылық табыс тілеймін. Сау болыңыз!
http://www.rakhat.kz/kz/o-kompanii/
-
Мәтін мазмұны бойынша ақиқат ақпараттарды анықтаңыз.
Аң стилі
Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен жақын өмір сүріп, өздерін табиғаттың бір бөлшегі санаған. Бұл басты тұрмыс ережесі Ұлы даланы мекендеген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды. Өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мәдениеті болды.
Олардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының ерекше белгісі – «аң стилі» өнері. Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара байланысының символына баланып, көшпенділердің рухани бағдарын айқындап отырған.
Олар жыртқыштардың, негізінен мысық тұқымдас аңдардың суретін көбірек қолданған. Егемен Қазақстанның символдарының бірі – жергілікті жануарлар әлемінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес.
Бұл ретте, аң стилі бабаларымыздың айрықша жоғары өндірістік тәжірибесі болғанын көрсетеді. Олар оюлап кескіндеуді, металмен жұмыс істеудің техникасын, соның ішінде, мыс пен қоладан балқымалар жасаудың және құймалар құюдың, жайма алтын дайындаудың күрделі әдістерін жақсы меңгерген.
Жалпы, «аң стилі» феномені әлемдік өнердегі биік белестердің бірі саналады.
-
Үзіндідегі жалқы есімдер ненің атауы екенін белгілеңіз.
-
Өлең жолындағы көркемдік тәсілді табыңыз.
Бір жерде тұрлау таппаған,
Қосылмай малы қаптаған,
Бөлініп қонған қазақты
Кімдер де кімдер шаппаған?
-
Осы өлең шумағы арқылы автордың оқырманына нені айтқысы келгенін анықтаңыз.
Әділет пен ақылға
Сынатып көрген-білгенін,
Білдірсе алыс, жақынға
Солардың сөйле дегенін.
-
Әке-шешесінің қызына келісім бермеуінің басты себебін анықтаңыз.
...Қиыр Шығыс. Қақаған қыс. Орманда Тоқтар жалғыз. Тұнжыраңқы. Туған жерден жырақ жүргені жанына батты ма, бірдеңеге қатты қамықты ма, кім білсін?! Талғат Сүйінбайдың жазған «Тұңғыш қазақ ғарышкері» кітабында батырдың әпкесі Гүлсімнің : “Ондай жігіттің төресіне қыз ғашық болмаушы ма еді? Тоқтар Армавирдегі әскери-ұшқыштың оқуын бітіріп, Қиыр Шығыстағы бөлімдердің біріне ұшқыш боларда үйленбек ойы да болған, бірақ шағын елді мекендегі қыздың әке-шешесі: «Ойбай-ау, жердің түбінде не бар қайдағы бір ұшқышпен?» – деп келісімін бермей қойды. Қысқасы, қыз да жылап-сықтағанмен, әке-шешесінің айтқанынан шыға алмады. Тоқтар қапаланып, үндемеген күйі Амур жағалауындағы гарнизонына қайтып кетті. «Қолдан келер шара бар ма?» – дейтін кезі болуы керек шамасы... Тоқтар қатты қиналып кетеді. Сүйген қыз, сүйікті ел алыста. Өмірдің мәні жоғалғандай. Қапаланып отырып транзистордың құлағын бұрайды ғой баяғы. «Маяк» радиостанциясы КСРО халықтары әндерінен концерт беріп жатады. Кенет…
Әдемі бір сыбызғы әуен естіледі.
Анаңнан сені тапқан айналайын,
Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай..,
– деп сиқырлы сазы жанды баурап, жас жауынгердің жүрегін елжірете жөнеледі. Әннің қайырмасына келгенде Тоқтар тіпті айдалада, Қиыр Шығыстың бір қиыр шетінде қамығып жүргені мүлдем есінен шығып, ерекше бір күйге бөленеді. Әсем әннің әуені жүрегіне майдай жағады. Қазақтың бұлбұл үнді әншісі Бибігүл Төлегенованың орындауындағы «Гауһартас» осылайша өршіл жастың жүрегінде жатталып қалады. Жас жігерін сонда Тоқтар былайша жаныған тәрізді: «Осындай керемет ән тудырған біздің қазақ – қандай ғажап халық! Сол халықтың мен де бір баласымын. Қамыға бергенім жарамас. Белді бекем буайын. Ата жолын қуайын. Елге қызмет етейін. Мақсатыма жетейін».
Сөйтіп, қыран дүр сілкінеді. Қайта түлейді. Ал қыран – еркіндік пен ерліктің символы.
-
Берілген сөйлемдерді кезектес салалас құрмалас сөйлемге айналдырыңыз.
Ақын жазбасын кеудесіне қысады. Оған мейірі қанбағандай бетіне басады.
-
Мәтінге тән белгіні табыңыз.
«Қымбатты жолдас Момышұлы!
Осы жаңа ғана Александр Бектің «Волоколам тас жолы» кітабын оқып шықтым. Кітапта Отан соғысындағы Сіздің алғашқы ұрыстарыңыздың тарихы суреттеліпті. Егер мен дұрыс ұқсам, Сіз өз басыңыздан кешкен оқиғаларды әрі шынайы түрде, әрі көркем етіп жазушыға баяндап бергенсіз.
Міне, кітаптың соңғы бетін жаптым, бірақ Сіз менің көз алдымда қалдыңыз. Сіздің батылдығыңыз, байсалдылығыңыз, ойшылдығыңыз бәр-бәрі көкірегімде сайрап тұр... Менің Сізге деген сүйіспеншілігімді айтып, Сізді шын жүректен құттықтауыма рұқсат етіңіз.
Сіздің іс-әрекетіңіз, ой-қиялыңыз, қамқорлығыңыз, ұйқысыз өткерген түндеріңіз жайында оқығанда мен нағыз командирдің қандай болуы керектігін білдім... Менің барлық жолдастарымның — болгар армиясы командирлерінің Сізге деген алғысын қабыл алуыңызды өтінемін.
Біздің қуанышымыз және қуатты Совет Одағының даңқы үшін Сіздің деніңіздің сау, көңіліңіздің сергек болуын тілейміз.
Болгар әуе күштері, Ұшқыш поручик
26 июль 1947 ж. Банкя қаласы». ЛИЛО ИВАНОВ НЕНОВ
Ә. Нұршайықов
«Ақиқат пен аңыз»
-
Қайырғали әскерге шақырылған жылды көрсетіңіз.
Қазақ солдаты
Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы - қазақ әдебиетіндегі II Дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған тұңғыш туынды.
Романның басты кейіпкері Қайрош Сарталиев – өмірден алынған кейіпкер. Оның басты прототипі – Кеңес одағының батыры, атыраулық Қайырғали Смағұлов.
Ашаршылықты да, тұрмыстағы ауыртпалықты да көрген Қайырғали 1933 жылы Оралдағы балалар үйінде тәрбиеленеді. Өмірдің тауқыметіне шыныққан, шыншыл әрі қайсар Қайырғали 1939 жылы әскерге шақырылды. Ал, соғыс басталған 1941 жылы ол 22 жаста еді. Алғаш Дон, Ростов, Орджонокидзе қалаларындағы шайқастарға қатысты. Қырым мен Кавказда да ерлік көрсетіп, «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды. 1943 жылы Новороссийск деген жерде Керч деген төбеде қанды қырғын болады. Бірнеше күн шайқаста немістерді жеңеді. Қайрош өзі жараланады. Сол шайқастағы ерлігі үшін Қайырғалиға батыр атағын береді. Содан Сталиннің бұйрығы бойынша фронтқа жібермей еліне бір айға демалыс береді. Госпитальде жатқызып, жарасын емдеп, пойызбен Алматыға жеткізген.
Сөйтіп, бір жылдары ауылдан қашқан бақташы жігіт енді Кеңес Одағының батыры атанып, туған елге келеді.
-
Өлеңді оқыңыз. Мәтін әдеби хаттың қай түріне жататынын анықтаңыз.
Үміт еткен көзімнің нұры, балам,
Жаныңа жәрдем берсін құдай тағалам;
Атаң мұнда анаңмен есен-аман,
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.
Атаңды сағындым деп асығарсың,
Сабаққа көңіл берсең басыларсың;
Ата-анаңды өнер білсең асырарсың,
Надан боп, білмей қалсаң «аһ» ұрарсың.
Шырағым, мұнда жүрсең не етер едің?
Қолыңа құрық алып кетер едің.
Тентіреп екі ауылдың арасында
Жүргенмен не мұратқа жетер едің?
(Ыбырай Алтынсариннің атасы Балқожа бидің баласына жазған хаты)
-
Ұсынылған үзіндіден қаратпа сөзді анықтаңыз.
Сәті түсіп, жолаушы ақ үйді көріп қалады. Əдемі ақ үйдің жанына барғанда ішінен сұлу қыз шықты.
– Жолаушы, баратын жеріңіз алыс. Бір түн қонақ боп тынығып алыңыз,-деді бойжеткен. Жанқожа қызбен амандасты. Жасыратыны жоқ, дастархан толып тұр. Батыр алдында тұрған тағамды аузына апарса, белгісіз күштің əсерімен аузына тек құрма түсе берді.
-
Үзіндіден меңгере байланысқан сөз тіркесін анықтаңыз.
Жүрермiз ертең, қарағым.
Оқитын ендi боласың
Интернатында қаланың.
Ол жерде, жаным, бəрi бар,
Ғажайып əсем мектебi.
Жақсы ұстаз, дос та табылар,
Ол жақта қызық көп, тегi.
Мұзайдын қандай ол жерде!
Барғанда өзiң көресiң.
Бередi коньки сендерге,
Достармен бiрге тебесiң.
-
«үшін, жөнінде, арқылы, сықылды» қосымшалары қай септікке тән.
-
Берілген сөйлемдегі күшейткіш үстеуді анықтаңыз.
Сонымен қатар, 100 мың шаршы километрді құрайтын осы өзеннің жүйесі әлемдегі өзен жүйелерінің аса үлкені болып саналады.
-
Ұсынылған жауап нұсқаларынан топтау сан есімін анықтаңыз.
Жабайылар маған адал болам деп уәде берді. Мен оларды өз үйіме ертіп келіп, орналастырдым . Осылай адамдардың басын құрап алған соң, саяхатқа шығатын оңтайлы сәтті күттім. Ол сәт те келіп жетті. Аралға бір кеме кеп тоқтады.
Кемедегілер қайыққа мініп, аралға түсті. Біз оларға шабуыл жасап, қайықты басып алдық. Кеме капитаны ағылшын екен. Мен одан Жұма екеумізді Англияға аман-есен жеткізуін талап еттім. Қалған адамдарым аралда қалды. Оларға өзімнің бір-бірден қару-жарақтарымды беріп, ешкіні қалай бағуды, май мен ірімшікті дайындауды, егінді қалай күтуді түсіндірдім. Сөйтіп, мен жиырма сегіз жыл тұрған аралдан кетіп, Англияға да жеттім. Әке-шешем, ағам қайтыс болыпты. Қарындасым мен екі жиенім бар екен.
Англияда бақытты отбасын құрдым. Екі ұл, бір қыз сүйдім. Екі жиенімді қамқорлығыма алдым. Ұлдарымның бірін ақылды, тапқыр, батыр моряк етіп шығардым. Оған керемет кеме жасатып, теңізге саяхатқа жібердім...
-
Тәуелдік жалғауының 1-жағының көпше түрінде тұрған сөзді табыңыз.
-
Мәтін бойынша берілген перифразға сәйкес келетін сөйлемді анықтаңыз.
Мен жабайыларды үйіме шақырып, қонақ еттім.
-
Әр қатардан мезгіл үстеуіне жатпайтын артық сөзді табыңыз.
-
Мәтінге сәйкес берілген сөздің синонимін анықтаңыз.
бастауы
Тәуелсіздік күні – еліміздің ең басты мерекесі.
Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік.
-
Оқшау сөздің түрлерін анықтаңыз.
-
Берілген сөйлем сабақтас құрмаластың қай түріне жататынын анықтаңыз.
-
Салалас құрмалас сөйлемді анықтаңыз.