
Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате
Вариант 1
-
Мақалдан ауыспалы мағыналы сөздерді табыңыз.
Жалқаудың жаны тәтті, еңбектің наны тәтті.
Түзу ағаш үйге тіреу, түзу жігіт елге тіреу
-
Мақалдың мағынасын көрсетіңіз.
Өз тілің – бірлік үшін,
Өзге тілің – тірлік үшін.
-
«Керемет» сөзінің синонимін табыңыз.
-
Мәтінде қарамен берілген сөздің антонимін табыңыз.
Көне болғанда қандай, өте ескі. Бұрынғы заманның иісі шығады. Қыш құмыралар, жез құмандар, арба, ат әбзелдері, таға, садақ, қазан тағы басқа.
-
Көп нүктенің орнына төл дыбысты қойыңыз.
Қайырлы к...н! / Жолы... болсын!/ Н...рестенің бауы берік болсын!
-
Сөз соңында келмейтін дыбыстар қатарын көрсетіңіз.
-
Жауынгердің командир сөзін құптайтын жауабы
– Жолдас рота командирі, сіздің шақыртуыңыз бойынша қатардағы жауынгер Жұмабаев Іздіқұл келіп тұр.
– Жұмабаев сен бе?
– Дәл солай!
– Менің таң қалып отырғаным, өзгелер снарядты біреуден тасып жатқанда, сен неге екеулеп әкеліп жүрсің?
– Жолдас рота командирі, жау ұшақтары бомба тастаса қиын ғой, сондықтан снарядтарды аман алып қалу үшін екеуден тасыдым.
– Рахмет, жауынгер Жұмабаев. Сізге алғыс жариялаймын!
– Отаныма қызмет етемін!
-
Тиісті қосымшаны қойыңыз.
Күллі адамзат... пайдасын тигізер үлгі-өнеге көрсетіп отырған бірден-бір ел - Қазақстан. Мен Қазақстан... басшылығына, көпұлтты халқына амандық тілеймін.
-
Шығарма оқырманға қандай әсер қалдырады?
- Нығмет Дүйсенұлы, - деді сол кезде бөлім меңгерушісі Балбек. – Тоңазытқыш жолымен адам өмірін ұзартудың барлық кезде сәтті бола бермейтіні о бастан белгілі. Ұзақ ұйқыдан оянғандардың кейбірі тез қартайып қаза болып жатады. Бұл жағына қалай қарайсыз?
- Ғылым жетістігі тек сәттіліктен тұрмайды. Оның жаңсақ жағы кездесіп отырады. Сұрағың орынды. Біз бұл іспен қаншалықты тынбай айналысып келе жатсақ та, оның мәнісін толық ашқан жоқпыз.
- Келешектен қандай үміт күтесіз?
- Күтер үмітім біреу-ақ. Жаңа өзіңіз айтқан ұзақ ұйқыдан кейін болатын тез қартаюдың сыры Сәметжаным оянғанша ашылар деп үміттенемін.
- Рақмет.
Түсіру барысында мұнан да басқа сұрақтар қойылды. Аз уақыттың ішінде мазмұнды стереофильмдер дайын болды...
Ертеңіне Нығмет ұлы екеуі арнайы насекомосамолетке мініп, қала үстін шарлады. Бұл ұшу Сәметжан оянғанда өңірдің қалай өзгеретінін көру мақсатынан туған еді. Институтта бұл өңірдің де, дүниежүзінің де анық түсірілген картасы, фотосуреттері мен фильмдері бар. Соған қарамастан көзімен көргісі келді. Қала үстін бірнеше рет айналып ұшып, пәтерге оралды. Уақыт таянған сайын Нығметтің дегбірі кете берді. Ана көзіне жас алды. Ал Сәметжан болса, стереотеледидар тілшілерінен жасырып айтпаған іні-қарындастарын ойлап, іштей қиналды. Амал нешік, бәрінен де баз кешуге тура келеді. Бұл оқиға алдын ала дүниежүзіне хабарланып қойған еді.
Арада бірнеше күн өткенде Сәметжан ұзақ ұйқыға жатпақ болды. Нығмет пен Балнұр, Сәметжанның іні-қарындастары қатты толқып, қатты абыржыды. Оларды бір демеген нәрсе – оны күн сайын көруге болады.
Ж.Сахиев «Уақыт қайтарымы»
-
Барлық сөзінде үндестік заңы сақталмаған сөйлемді табыңыз.
-
Мінездемеде адамның мінез-құлқын қалай сипаттайтынын анықтаңыз.
-
Көптік жалғауы жалғанбайтын сөзді табыңыз.
-
Анықтамаға сәйкес термин.
Тек оймен, ақылмен ғана сезуге болатын зат атаулары
-
Заттың түсін білдіретін сөздерді табыңыз.
Тігіп алып көк шатыр,
Қызылкүрең доп жатыр.
( Қызылша )
-
Бірыңғай сан есімнен тұратын қатарды табыңыз.
-
Мәтіндегі есімдікті тап, оның қолданылу мақсатын айқындаңыз.
Өмір деген зырқыраған поезд секілді. Біреулер жармасып мініп жатыр. Біреулер түсіп қап жатыр. Діттеген, ойға алған межесіне жете алмай тезек дүниенің тезегін теріп адасып жүргендер қаншама.
-
Болымды етістік тұлғасында тұрған нұсқаны белгілеңіз.
-
Келер шақта тұрған сөйлем.
-
Шартты райлы етістік қолданылған сөйлемді анықтаңыз.
-
Шектік демеулік шылауларды белгілеңіз.
-
Сөйлемнің дұрыс ықшамдалған түрін анықтаңыз.
Жасанды адам жасау үшін құпия генетикалық зертханада бұрын жұмыс істеген Филофей адамдарға эмбриондармен байланыс орнатудың жолын тапқанын айтады.
-
Сұраққа жауап бер. Кәрім не себепті кір болып жүреді?
Салақтық
Кәрім деген мешер өзі жұмысқа тәуір жігіт те болса, жуынып, кірсіз көйлек киіп, таза жүрумен ісі жоқ еді. Әркім айтушы еді:
— Саған не болды, Кәрім, бойыңнан кіріңді ағызып жүргенше, жуынсаң болмай ма? — деп.
— Қолым тимейді, — деуші еді ол.
Сөйтіп жүріп, тұлабойын шиқан қаптап және қотыр болды. Бұл күйде жатқанында, әркім сұрайды:
— Кәрім, саған не болды? — деп.
Кәрім айтады екен:
— Күнәм үшін Құдайдың бір берген сазайы-дағы, — деп.
-
Жай сөйлемнің орын тәртібі сақталған нұсқасын табыңыз.