Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

5-мәтін

Конспект

Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз!

Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың арманы.

Егемендік алғаннан кейінгі жылдарда барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен, қазақстандық жол тәжірибесі.

Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы. Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және руханият. Төртіншіден, бұл – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген, экономикалық өсім. Бесіншіден, бұл – жалпыға ортақ еңбек қоғамы. Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің орталығы. Жетіншіден, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңістерге жетіп отырдық, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа қазақстандық патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр.

Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын, тәуелсіз мемлекет атану, бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын, бақытты ел болу еді.

Біз арманды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар болатын, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы.

Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына да қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады.

Ендігі ұрпақ  – Мәңгілік елдің Перзенті. Ендеше Қазақ елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Біз байлығымыз да, бақытымыз да болған тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.

 

(ҚР президенті Н.Ә. Назарбаетың Қазақстан халқына арнаған жолдауынан)

(277 сөз)



Вопросы
  1. Мәңгілік Елдің бірінші құндылығы

  2. Мәңгілік Ел кімдердің асыл арманы еді?

  3. «Мәңгілік Ел» бағдарламасында неше басты құндылық атап көрсетілді?

  4. Мәңгілік Елдің жетінші құндылығы

  5. Қазақ елінің ұлттық идеясы

Сообщить об ошибке