Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате
6-мәтін
Саяхаттау
Саяхаттау керемет нәрсе ғой! Саяхат жасаудың арқасында мына үлкен әрі қызықты әлеммен танысасың. Саяхаттау арқылы өмірдің қаншалықты астарлы, сан алуан оқиғаларға толы екеніне көзіңді жеткізесің.
Бүгінгі күнде саяхаттау кезінде саяхатшы үшін маңызды рөлдердің бірін әуежайлар атқарады. Сондай халықаралық, ірі әуежайлардың бірі – Амстердамдағы Схипхол әуежайы. Схипхолдың қызметін жылына 50 миллион адам пайдаланады. Амстердамның өзінде 1 миллион адам тұрады десек, қаншама адам транзитпен осы қала арқылы саяхат жасайды.
Схипхолда жолаушылар үшін барлық жағдай жасалған. Амстердамның әуежайы «бәрі бір шатырдың астында» жобасымен салынған. Барлық рейстер бір ғана терминалдан өтеді. Егер ұшақтан ауысып отыратын болсаң, Франкфурт пен Лондон әуежайларындағы сияқты басқа ғимаратқа немесе басқа жаққа барудың қажеті жоқ. Барлық рейстер өзара келісілген. Алматыдан ұшып келсең, әрі қарай саяхатыңды әуежай жүйесін пайдаланып басқа рейстерге отырып, жалғастыра аласың. Амстердамның бұл әуежайына келген адамның кеткісі келмей қалады. Себебі мұнда өте жайлы әрі қызықты. Схипхол Еуропадағы ең озық, ал әлем бойынша үшінші орындағы әуежай болып саналады.
Әуежайда транзиттік қызмет көрсетуден басқа мейрамханалар, қонақүйлер, дүкендер, спа-орталықтар, демалыс орындары, кафелер, асханалар жұмыс істейді. Мұның бәрі ұшақты 2-3 сағат күту кезінде уақытты қызықты өткізуге мүмкіндік береді.
Бізге Grown Lounge деген күту залы өте ұнады. Өйткені мұнда барлық жағдай жасалған, саяхатшыларға тегін сусын мен, жеңіл тамақ ұсынылады. Бүкіл әуежай бойынша Wi-Fi жарты сағатқа ғана тегін, ал бұл залда шектеусіз қолдана бересің.
Кез-келген адам өмірінде бір рет болса да әуежайда болып көрген шығар. Оның себебі әртүрлі болуы мүмкін: біреуіміз қарсы алуға, екіншіміз шығарып салуға, үшіншіміз бір жаққа ұшып жатамыз. Шынында, әуежай болмаса заманауи үлкен қалалардың өмірін елестету мүмкін емес. Қазіргі уақытта күн сайын қаншама адам жердің бір түкпірінен екінші түкпіріне 3-4 сағатта жетіп жатқан жоқ па?
Бүгінде біздің әуежайлардан АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Аустралияға, Тайландқа, Швецарияға ұшып кету үйреншікті жағдай болды.
Көптеген халықаралық әуежайларда рейс кейінге қалдырылатын болса, қонақүйлер беріледі. Қазіргі әуежайлар ыңғайлы, таза және барлық инфрақұрылымдарды ескеріп салынған. Әдетте халықаралық әуежайларда жолаушыларға «Сәт сапар!», «Жолыңыз болсын!» деген сөздер жазылып тұрады.
(295 сөз)
«Қазақ тілі» оқулығы, «Мектеп» баспасы 2011 жыл, авторлары: С. Дюсебаев, Г. Байтилеуова
-
Амстердамдағы ең ірі, халықаралық әуежай
-
Амстердам әуежайының жобасы
-
Стипхол әуежайы әлем бойынша нешінші орындағы әуежай болып саналады?
-
Мәтін мазмұны бойынша Амстердамның әуежайы қандай?
-
Мәтін мазмұны бойынша Қазақстанның халықаралық әуежайынан қай мемлекеттерге ұшып кетуге болады?