Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате
4-мәтін
Отбасы
Отбасы – туысқандық байланысы бар, бірлесіп өмір сүретін адамдар. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Адам бойында отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер оған өмір бойына серік болады. Оны ешкім түзете алмайды.
Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананы ерекше құрметтейді. Бала ата-анасын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті. Қазақстан Республикасының Конституциясында ата-аналар мен олардың балаларының құқықтық қарым-қатынастары заңды түрде бекітіліп, өркениетті жолдармен қорғалады. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелері қартайған шақта оларға қамқорлық жасауға міндетті.
Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдайды. Әке – отбасының қамалы, ер баланың тәрбиесіне жауапты адам. Ананың орны да ерекше. Ана – отбасының алтын қазығы, мейірім мен жылылық тарататын адал да аяулы жан. Дүниедегі ең тәтті – ананың сүті. Дүниедегі ең жұмсақ – ананың алақаны. Ананың баласына деген махаббаты шексіз. Әке де, балалар да ананы сыйлайды. Әке мен шеше ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі, тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді. Қазақ отбасында қыздың орны айрықша. Қызды ерекше құрметтейді. Қыз – ұлтының ұяты, халқының шырайы. Қазақ отбасында анасы қызды барынша ізетті, мейірімді, сыпайы етіп тәрбиелейді. Қызды орнымен еркелетіп, төрге отырғызады.
Кенже бала – отбасындағы ең кіші бала, кіші ұл. Қазақта кенже ұл ерекше мейіріммен өседі. Оған бала күнінен «шаңырақтың иесі» деген ұғымды құлағына құйып өсіреді. Атадан қалған ұяның жылылығын ұстау – шаңырақ иесі болып қалатын кенже балаға жүктелер міндет. Кенже баланың өз отбасы болса да, ата-анасымен бірге тұрады.
Қара шаңырақ – үлкен үй, әке-шеше үйі. Қара шаңыраққа барлық осы отбасының балалары, туыстары жиналады.
Барлығы-262 сөз
«Асыл сөз» кітабынан
-
Мәтін мазмұны бойынша отбасы дегеніміз
-
Қазақ отбасындағы балалардың міндеті
-
Отбасындағы әкенің орны
-
Отбасында «қонақ» болып саналатын адам
-
Кенже баланың отбасындағы міндеті