Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате
3-мәтін
Қазақ халқының салт-дәстүрлері
Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі бар. Оны музыка мәдениетінен, би өнерінен, қолөнерінен, тұрмысынан байқаймыз. Ән мен күйді тыңдай отырып, ою-өрнек, зергерлік әшекей заттарды көре отырып, оның қай ұлтқа тән екенін ажыратуға болады.
Қандай халықтың болмасын салт-дәстүрі сол халықтың мінез-құлқын, ұлттық қасиеттерін таныта алады. Мысалы: қазақтарға тән бауырмалдық, қонақжайлық. Әрине, бұл қасиеттер басқа басқа халықтарда да кездеседі. Бірақ бұл қасиеттер басқа қырынан көрініс береді.
Қазақта «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» деген мақал бар. Қазақ халқының салт-дәстүрлері тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген көзқарастарына байланысты ұрпақтан-ұрпаққа берілгенде ауысып, өзгеріп, жаңарып отырған. Қазіргі уақыт ағымына қарай кейбіреулері түрленіп қана қоймай, жаңадан еніп те жатқандары бар.
Салт-дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесіндегі мәні зор. Олар бала тәрбиесіне байланысты, тұрмыс-салт және әлеуметтік-мәдени болып үш түрге бөлінеді.
Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиесінен бастап, есейіп азамат болып кеткенге дейінгі кезеңі кіреді. Мысалы: шілдехана, сүйінші, балаға ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет той, тілашар және т.б.
Тұрмыс-салт дәстүрлеріне қазақтың киіз үйі, тұрғын үй жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдар, мал бағу, егіншілік, аңшылыққа қатысты және басқа да кәсіп түрлерін үйретудің тәлімгерлік түрлері енеді.
Ал әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлерге: қазақ ауылы, адамдардың туыстық қатынасы, шешендік сөз өнері, қазақтың ұлттық аспаптары, қонақ күту, ұлттық мерекелерді өткізу сияқты түрлері кіреді.
Барлығы-244 сөз
«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» кітабынан
-
Мәтін мазмұны бойынша қазаққа тән мінез
-
Салт-дәстүр туралы мақал
-
Салт-дәстүрлер түрі
-
Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер түрі
-
Әлеуметтік-мәдени салт-дәстүр