Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате
2-мәтін
Қазақ ғалымы – Асфендияров Санжар Сейітжапарұлы
Асфендияров Санжар Сейітжапарұлы – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дарынды ғалым-тарихшы, профессор, педагог.
С. Асфендияров Ташкенттегі реалдық училищені 1907 жылы, Петербургтегі әскери-дәрігерлік академияны 1912 жылы бітіріп шығады. Санжар онда әскери министрліктің стипендиясына оқып, 4 жыл қатардағы әскерде қызмет етуге міндеттелінеді. Санжар әскери-медициналық қызметін кіші дәрігер ретінде бастады. 1914 жылы тамызда Санжар бесінші Түркістан атқыштар полкінің аға дәрігері қызметінде І дүниежүзілік соғыстың Шығыс майданына аттанады.
1917 жылы Бұхарадағы мұсылман қозғалысына белсене араласты. 1918-1919 жылдары Асфендияров аштықпен күрес жөнінде төтенше денсаулық сақтау халық комиссары, 1920 жылы Түркістан АКСР сушаруашылығының халық комиссары болып тағайындалды. Сол жылы қыргүйекте Т. Рысқұловтың шақыртуымен Ташкентке келіп, Түркістан АКСР-інің Денсаулық сақтау халомы, Түркістан Компартиясы ОК-нің хатшысы қызметтерін атқарды.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті болып қайта құрылған Қазақ мемлекеттік университетінің алғашқы ректоры (1928-1931 жж.), Қазақ АКСР-і Денсаулық сақтау халомы, Алматы медицина институтының ұйымдастырушысы және тұңғыш ректоры (193-1933жж) қызметтерін атқарды.
Асфендияров Қазақстан тарихының күрделі мәселелерін зерттеген белгілі ғалым болды. Қазақ ұлттық мәдениет ғылыми-зерттеу институтының тарих секторының меңгерушісі, КСРО ҒА-ның қазақстандық базасы, кейін оның бөлімше орынбасары (1933-1937 жж.) қызметін атқарды. Қудалау жылдарындаАсфендияровқа жала жабылып, ату жазасына кесілді. Асфендияров 1958 жылы 26 мамырда ақталды. 1990 жылы Алматы медицина институтына Асфендияров есімі берілді.
(264 сөз)
Б. Тоғысбаев «Тарихи тұлғалар»
-
Асфендияров Санжар Сейітжапарұлы
-
1914 жылы тамызда С. Асфендияровты қайда жібереді?
-
С. Асфендияров қай жылдары аштықпен күрес жөнінде төтенше комиссиясының Сырдария облысы бөлімшесін басқарды?
-
С. Асфендияров Ташкентке кімнің шақыртуымен келді?
-
Алматы медицина институтына қай жылы Асфендияров есімі берілді?