Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

3-мәтін

Конспект

Шоқтығы биік ғалым

Қазақстан археология мектебінің негізін салушы Әлкей Марғұлан – этнография, тарих, шығыстану, әдебиеттану, өнертану бойынша еңбек сіңірген, шоқтығы биік ғалым. Филология ғылымдарының докторы, академик, профессор. Ол 1904 ж. 11 мамырда Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Əкесі Хақан – атақты Олжабайдың тікелей ұрпағы. Əлкейдің əкесі Хақан мен шешесі Нұрила халық ертегілері мен аңыздарды өте жақсы білген. Өте зерек бала Әлкей бес жасында оқып, жаза білуді үйренеді, бала кезінде «Қобыланды», «Алпамыс», «Көрұғлы», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» дастандарын жатқа білген. Хақанның шаңырағында қазақ даласына белгілі адамдар жиі бас қосқан. Дарынды Əлкей бастауыш білімді ауыл мектебінен алды. 1915 жылы Баянауылда үш сыныпты орыс мектебінде оқыды. 15 жасында гимназияда білім алу үшін Екатеринбургке сапар шегеді, алайда Азамат соғысы кесірінен оқи алмайды. 1919 жылы Əлкей Хақанұлы Павлодар қаласындағы мұғалімдер курсына түсіп, оны бітірген соң туған ауылына оралады да, Далба мектебінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1921 жылы Семей техникумына оқуға түседі. Одан кейін Ленинградқа оқуға барады. Ленинградта оқып жүргенде-ақ зерттеушілікпен айналысады. Әлкей елге келгеннен кейін де көп ізденіп, түрлі қазба жұмыстарын жүргізеді және Оңтүстік Қазақстандағы Сыр, Шу, Талас өзендері бойында және көне Отырар, Сауран, Сығанақ қалаларының орындарында қазба жұмыстарын жүргізіп, тапқан жәдігерлерін мұражайға тапсырады. Ол жинаған материалдарының негізінде «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихы» деген монографиялық еңбек жазады. Кейін Орталық Қазақстан өңірін зерттейді. Әлкей Марғұлан қазақ халқының тарихы мен әдебиетін зерттеуге зор еңбек сіңірді. Оның қаламынан туған тарих, археология, этнография, әдебиет және өнер салаларына қатысты ондаған кітап, үш жүзден астам ғылыми зерттеу және жүзден астам энциклопедиялық мақала жарық көрді.

                                                                                                Барлығы-260 сөз

                                    С.Ч. Тұрсынғалиева «Қазақ тілінен жазба жұмыстары»



Вопросы
  1. Әлкей Марғұлан

  2. Әлкей Марғұлан 15 жасында сапар шекті

  3. Әлкей Марғұланның мұғалімдік курсты аяқтаған соң атқарған қызметі

  4. Оңтүстік Қазақстандағы Сыр, Шу, Талас өзендері бойында және көне   Отырар, Сауран, Сығанақ қалаларының маңында немен айналысқан?

  5. Әлкей Марғұланның бала күнінде жатқа білген жырлары

Сообщить об ошибке