
Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате
2-мәтін
Астана – бас қала
Астана – Қазақстан Республикасының астанасы, Ақмола облысының орталығы. Қала Есіл өзенінің оңтүстік жағасында жазық жерде орналасқан. Ақмола атауы ХІІ-ХІҮ ғасырларда тұрғызылған ақ күмбезді бейітке байланысты туған. Қаланың негізі 1830 жылы қаланған.
Алғашында Ақмола әскери бекініс болған. 1862 жылы Ақмолаға қала мәртебесі берілді. 1863 жылы Ақмола округ, 1868 жылы уезд орталығына айналды. 1914 жылдары қалада 3 кірпіш және 4 май өңдейтін цех, 2 тері илейтін және 2 сабын қайнататын, 2 тон тігетін шеберхана жұмыс істеді. Сондай-ақ тағы да әртүрлі заттар өндіретін өндіріс орындары жұмыс істеді. Мәдени-ағарту орындарынан 3 жалпы білім беретін училище, мектеп, медресе, 2 кітапхана ашылды.
1914 жылы қала тұрғындарының саны 15 мыңға жетті. Кеңес дәуірінде Ақмоланың халқы тез қарқынмен өсті, оның орталық Қазақстанның қоғамдық саяси-экономикалық және мәдени өміріндегі алатын орны арта түсті.
1928-1930 жылдары округтің, 1930-1939 жылдары ауданның, 1939 жылы 14 қазанда Ақмола облысы әкімшілігінің орталығы болды. 1992 жылға дейін Целиноград қаласы болып аталды. 1993-1998 жылдар аралығында Ақмола қаласы болды.
1997 жылы Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы болып жарияланды. 1998 жылы Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді.
Астана қаласының символы – «Бәйтерек» монументі. Монумент үш бөліктен тұрады. Бірінші жерасты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы бөлігіне «Аялы алақан» композициясы орналастырылған. Мұнда алақанның таңбасы бар, күміс тұмар бар. Оған қол тигізгенде жарық спираль түрінде ағып түсіп, алақанға құйылып, сол сәтте Қазақстанның әнұраны ойнай жөнеледі.
( 304 сөз)
«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы
-
Астана қаласы орналасқан
-
Ақмола қаласының негізі қаланған жыл
-
1914 жылы қала тұрғындарының саны жетті
-
1993-1998 жылдар аралығындағы қала атауы
-
Астана қаласының символы