
Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате
1-мәтін
Қазақ елінің бас қалалары
Қазақ елінің мемлекеттілігінің бір белгісі ежелден елді бір жерден басқаратын бас қалалары мен орталықтарының болуында. Бұл қалалардың саяси-экономикалық, әскери-шаруашылық салаларда, ең бастысы, ел басқаруда маңызы зор.
Қазақ халқын осылай бір орталықтан басқару мыңдаған жыл бойы жүргізілді. Қазақ жеріндегі ең алғашқы мемлекет, көне түркілер қағандығының ту көтерген жері – Алтай, Түркі, Түргеш және Қарлұқ қағандығының астанасы Суябтың іргетасы Ү ғасырда қаланған. Баласағұн бұл қаланы Орталық Азиядағы ірі қалалар қатарына жатқызған.
Кеңес дәуіріндегі Қазақстан астаналары – Орынбор, Қызылорда, Алматы қалалары болды. Ал 1997 жылы 20 қазанда астана Ақмола қаласына көшірілді.
Қазақстан жерінде Түркі қағанатынан бергі уақытта елдің астанасы болған қалалар жеткілікті. Бұлар – өз заманында мемлекеттің дамуында ерекше орын алып, тарихта қалған қалалар.
1920 жылы Қазақстан Ресейдің құрамындағы автономиялы республика болып құрылды. Осы тұста Орынбор бас қала болып жарияланды. Орынбор өлкесі сол кезде қазақ жерінің құрамдас бөлігі болып саналды.
Алматы қаласы 1929 жылы еліміздің астанасы болып жарияланды. Алматы қаласын бұрын «Верный» деп атаған. Алматы – мәдениет пен өнердің орталығы. Алматыда Үлкен Алматы, Кіші Алматы өзендері бар. Сондай-ақ аты әлемге әйгілі Медеу мұзайдыны қалаға жақын жерде орналасқан.
Қалада сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері болып саналатын Опера және балет театры, Республика сарайы, М. Әуезов атындағы қазақ драма театры, орталық мұражай, Ғылым академиясының бас ғимараты, ұлттық кітапхана бар. Қалада 100-ге жуық оқу орны, ондаған театр және кинотеатрлар бар.
Алматы қаласында ықшамаудандар жеткілікті. Ал республика тәуелсіздігінің белгісі болған алтын адамның мүсіні алыстан көз тартады.
Қызылорда ХІХ ғасырдың ортасында «Ақмешіт» бекінісі деп аталды. 1853 жылы «Перовск» деп аталған бұл қала революциядан кейін Қызылорда аталып кетті. 1922 жылы наурызда Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшірілді, сөйтіп Ақмешіт бекеті астана болды. Қазіргі Қызылорда – ақ күріштің атасы.
(268 сөз)
«Елтану» оқу-әдістемелік құралы, «ҚазҰПУ» баспасы, 2010 жыл
-
Суяб қаласының іргетасы қаланды
-
Орынбор бас қала болып жарияланған жыл
-
Алматы қаласының бұрынғы атауы
-
Қызылорданың ХІХ ғасырдың ортасындағы атауы
-
1922 жылы наурызда болған өзгеріс